Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдары мен авто және мотокөлік құралдарына тіркемелердің жекелеген түрлерінің тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 31 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 2-бабының 1-тармағының 50-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдары мен авто және мотокөлік құралдарына тіркемелердің жекелеген түрлері тізбесінің 4-тармағында "ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21 және 8704 31" деген сөздер "арнайы жоғары радиоактивті материалдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 21, 8704 31, 8704 41 және 8704 51" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады