Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің X1-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 157 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына, 282-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің X1-бөліміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 1 қарашадағы
№ 157 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің X1-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "X1. Керек-жарақтарды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде ТД толтыру ерекшеліктері".

      2. 414-тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацын және 8) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда, бөлімнің мәтіні бойынша тиісті түр мен септіктегі "тауар" деген сөз тиісті түр мен септіктегі "керек-жарақ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "411. Декларант керек-жарақтарды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде ТД-ның мынадай графаларын толтырады:

      1 – 3, 5 – 7, 8 (әкелу кезінде), 9, 11, 14, 15, 15 (а; b), 16, 17, 17 (a; b), 18, 20 – 25, 26 (әкелу кезінде), 29 – 34, 37, 38, 40 – 42, 44, 46, 54.".

      4. 412-тармақ "24," деген цифрлардан кейін "26 (әкелу кезінде)," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. 413-тармақ "9" деген цифрдың алдынан "8 (әкелу кезінде)," деген сөздермен толықтырылсын, "графалар" деген сөзден кейін "керек-жарақтарды кеден аумағына әкелу кезінде осы Тәртіптің II бөлімінде көзделген ТД-ны толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады. Көрсетілген графалар (8-графаны қоспағанда) керек-жарақтарды кеден аумағынан әкету кезінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 414-тармақта:

      а) 1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Графаның бірінші кіші бөлімінде, егер керек-жарақтар кеден аумағына әкелінсе, "ИМ" деген жазба және егер керек-жарақтар кеден аумағынан әкетілсе, "ЭК" деген жазба жазылады.";

      б) 2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Керек-жарақтарды кеден аумағына әкелу кезінде мәліметтер осы Тәртіптің II бөлімінде ТД-ның 2-графасын толтыру үшін белгіленген тәртіппен графаға енгізіледі. Керек-жарақтарды кеден аумағынан әкету кезінде мәліметтер осы Тәртіптің ІІІ бөлімінде ТД-ның 2-графасын толтыру үшін белгіленген тәртіппен графаға енгізіледі.";

      в) 5) тармақшаның екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Керек-жарақтарды кеден аумағына әкелу кезінде графада осы Тәртіптің II бөлімінде ТД-ның 21-графасын толтыру үшін белгіленген тәртіппен кеден шекарасы арқылы керек-жарақтарды өткізу орындарына келген кезде керек-жарақтар болған көлік құралы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Керек-жарақтарды кеден аумағынан әкету кезінде графада керек-жарақтарды тиеу жүргізілетін көлік құралы туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      г) 6) тармақшада:

      екінші абзацтағы "тауарларды декларациялау" деген сөздер" кеден аумағынан әкетілетін керек-жарақтарды декларациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "бөлімінің" деген сөз "бөлімінде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      д) 7) тармақшаның бесінші абзацындағы "бөлімінің" деген сөз "бөлімінде" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады