Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес қосарлы бұрғылау құбырын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 159 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Бір-бірімен сақиналармен біріктірілген сыртқы және ішкі құбырлардан тұратын, кері циркуляциялы геологиялық-барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған қосарлы бұрғылау құбыры, бұл ретте сыртқы құбыр тігінен және айналмалы күштерді бұрғылау қондырғысынан пневматикалық соққылаушыға беруді және құбырлар арасындағы құбыр кеңістігі арқылы ауаны тасымалдауды қамтамасыз етеді, ал ішкі құбыр шламды тасымалдауды қамтамасыз етеді, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8431 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады