Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 39 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 170 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2.7-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанармай газының қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (TP ЕАЭО 046/2018) өтпелі ережелері туралы" 2019 жылғы 19 наурыздағы № 39 шешімінің "а" тармақшасының бірінші абзацында, "б"тармақшасында және "в" тармақшасының бірінші абзацында "2023 жылғы 1 шілде" деген сөздер "2025 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады