Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 6 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 9-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 49-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 6 шешіміне
ҚОСЫМША

      1. Мынадай мазмұндағы 6.13 және 6.14-тармақтармен толықтырылсын:

      "6.13.Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификаттармен сүйемелденуге тиіс бақылауға жатқызылған тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелген кезде ветеринариялық бақылау рәсімін жүргізуді тездету үшін экспорттаушы елдің құзыретті органының келісуімен № 81-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылауға жатқызылған тауарға берілген ветеринариялық сертификат туралы алдын ала хабарлама механизмі қолданылуы мүмкін. Экспорттаушы елдің құзыретті органы алдын ала хабарламаны тауардың арналым елі болып табылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органына электрондық пошта, тиісті веб-нысанды толтыру арқылы не экспорттаушы елдің құзыретті органы мен мүше мемлекеттің уәкілетті органының келісуі бойынша өзге тәсілмен жібереді. Бақылауға жатқызылған тауар экспорттаушы елдің құзыретті органы берген, электрондық түрде ресімделген ветеринариялық сертификаттың сүйемелдеуімен әкелінген жағдайда, алдын ала хабарлама механизмі қолданылмайды.

      6.14.Тауардың арналым елі болып табылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамдары Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 835 шешіміне сәйкес жүргізілген тәуекелді бағалау нәтижелеріне негіздей келіп, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан бұзушылықтың жоқ екендігін, оларды аталған лауазымды адамдар анықтаған кезде № 1 және 6 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша актілер ресімделгенін ескере отырып, үшінші елдерден әкелінген, осы Ереженің 6.5 және 6.10-тармақтарында көрсетілген бақылауға жатқызылған тауарлардың (өнімдердің) тексеріп қаралатын партияларының санын азайта алады.".

      2. Мынадай мазмұндағы № 81-қосымшамен толықтырылсын:

  "№ 81-қосымша

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізілетін бақылауға жатқызылған тауарларға берілген ветеринариялық сертификаттар туралы алдын ала хабарлама

Реттік

Ветеринариялық сертификаттың №

Ветеринариялық сертификатта көрсетілген бақылауға жатқызылған тауарларды өндіруші кәсіпорынның атауы және №

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы алушы ұйымның атауы

Көлік құралы

Пломба №

Тауардың түрі

Нетто салмағы (тонна)

Жөнелтушінің (тауарларды тиеу) мекенжайы

Алушының (тауарларды түсіру) мекенжайы































  ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады