Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 115 шешімі.

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 11-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 65-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешімде көзделген өзгерістер:

      осы Шешім күшіне енген күнге дейін қарауға қабылданған трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерге (материалдарға);

      жүргізу туралы ұйғарым осы Шешім күшіне енген күнге дейін шығарылған трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуды тергеп-тексеруге қолданылмайды.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 115 шешіміне
ҚОСЫМША

Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 2-тармақтың "а" және "б" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) Шарттың 76-бабында белгіленген трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау кезінде;

      б) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлеріне (бұдан әрі – Критерийлер) сәйкестігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы тергеп-тексеру басталғанға дейін Комиссияның өкілеттіктерін іске асыру мақсатында өз бастамасы бойынша тауар нарығын айқындау кезінде;".

      2. 3-тармақтың "к" тармақшасындағы "есепті" деген сөз "қорытындыны" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. Мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:

      "31. Тауарды өтеусіз беру тауар нарығының өнімдік және географиялық шекараларын, сондай-ақ тауар нарығының көлемін және тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің үлесін айқындауға кедергі келтірмейді.".

      4. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізген кезде осы Әдістеменің 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларының ережелерін іске асыру мақсатында және тыйымды бұзуды белгілеу шеңберінде бәсекелестіктің жай-күйін бағалау:

      а) Шарттың 76-бабының 3-тармағында көзделген тыйымдар бөлігінде – осы Әдістеменің 3-тармағының "д" – "и" тармақшаларында көзделген кезеңдерді қоспай, бірақ келісімге қатысушылар арасында бәсекелестік қатынастардың болу фактісін анықтай отырып;

      б) Шарттың 76-бабының 4-тармағында көзделген тыйымдар бөлігінде – осы Әдістеменің 3-тармағының "е" – "и" тармақшаларында көзделген кезеңдерді қоспай;

      в) Шарттың 76-бабының 5-тармағында көзделген тыйымдар бөлігінде – осы Әдістеменің 3-тармағының "д" – "и" тармақшаларында көзделген кезеңдерді қоспай;

      г) Шарттың 76-бабының 6-тармағында көзделген тыйымдар бөлігінде:

      егер Шарттың 76-бабының 6-тармағында белгіленген тыйымдарды бұзу Шарттың 76-бабының 3-тармағында көрсетілген салдардың кез келгеніне әкеп соқтырса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, осы Әдістеменің 3-тармағының "д" – "и" тармақшаларында;

      егер Шарттың 76-бабының 6-тармағында белгіленген тыйымдарды бұзу Шарттың 76-бабының 4-тармағында көрсетілген салдардың кез келгеніне әкеп соқтырса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, осы Әдістеменің 3-тармағының "е" – "и" тармақшаларында көзделген кезеңдерді қоспай;

      д) Шарттың 76-бабының 2-тармағында көзделген тыйымдар бөлігінде – осы Әдістеменің 15-тармағына сәйкес тауарды алдын ала айқындай отырып жүзеге асырылуы мүмкін.".

      5. 5-тармақтың "е" тармақшасы "өндірушілер бірлестіктерінен" деген сөздерден кейін "және басқа қауымдастықтардан (одақтардан)" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 16-тармақ мынадай мазмұндағы "з" тармақшамен толықтырылсын:

      "з) тауарды алу тәсілі.".

      7. Мынадай мазмұндағы 161-тармақпен толықтырылсын:

      "161. Тауар нарығының өнім шекараларын айқындаған кезде нақты тауар нарығына тән тікелей және жанама "желілік әсерлер" (тауарды бір пайдаланушы оның басқа, оның ішінде әлеуетті пайдаланушылар үшін құндылығына тигізетін әсері) ескерілуі мүмкін.".

      8. 371-тармақтағы "есепті" деген сөз "қорытындыны" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. Мынадай мазмұндағы 441-тармақпен толықтырылсын:

      "441. Тосқауыл ретінде "желілік әсерлер" қаралуы мүмкін.".

      10. XII бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "XII. Талдамалық қорытынды

      61. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізу нәтижелері бойынша осы Әдістеменің 3 және 4-тармақтары ережелерінің талаптары ескеріле отырып талдамалық қорытынды жасалады.

      62. Талдамалық қорытындыны бәсекелестіктің жай-күйін бағалауды жүргізуге жауапты Комиссияның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Комиссияның құрылымдық бөлімшесі) дайындайды.

      63. Талдамалық қорытындының жобасы (қағаз жеткізгіште) құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарына (бұдан әрі – уәкілетті органдар) коммерциялық және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат және (немесе) мәліметтер алып тасталып және оның жіберілуі уәкілетті органның электрондық пошта мекенжайына қайталанып (адресаттың оны алу фактісі расталып) жіберіледі.

      Талдамалық қорытынды жобасын алған күннен бастап уәкілетті органдар позицияны дайындау мақсатында осы жоба әзірленген материалдармен (құжаттармен, мәліметтермен, ақпаратпен) танысуға құқылы.

      Уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен талдамалық қорытынды жобасын жіберу туралы Комиссияның хатын тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде олар Комиссия электрондық поштасының мекенжайына қайта жіберіп (адресаттың оны алу фактісі расталып) жоба бойынша өз позицияларын жазбаша нысанда (қағаз жеткізгіште) ұсынады.

      Уәкілетті органдардың позициялары талдамалық қорытынды жобасына жазбаша нысанда қоса тіркеледі.

      64. Осы Әдістеменің 63-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органдардың позициялары ұсынылмаған не талдамалық қорытынды жобасы бойынша уәкілетті органдардың ұсынылған позицияларында ескертулер болмаған жағдайда Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) оны бекіту күнін көрсете отырып, талдамалық қорытындыны бекітеді.

      65. Уәкілетті органдардың кем дегенде біреуінен талдамалық қорытынды жобасы бойынша ескертулер келіп түскен жағдайда Комиссияның құрылымдық бөлімшесі консультациялар өткізу туралы хабарлама жібереді.

      Бейнеконференция байланысы форматында консультациялар өткізу туралы хабарламаны Комиссияның құрылымдық бөлімшесі олар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарға жібереді.

      Консультацияларды күндізгі форматта өткізу туралы хабарламаны Комиссияның құрылымдық бөлімшесі олар өткізілетін күнге дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарға жібереді.

      Консультациялар шеңберінде қаралатын материалдарда (құжаттарда, мәліметтерде, ақпаратта) құпия ақпарат болмаған жағдайда, консультацияларды бейнеконференция байланысы арқылы өткізуге жол беріледі. Көрсетілген материалдарда (құжаттарда, мәліметтерде, ақпаратта) құпия ақпарат болған кезде консультациялар күндізгі форматта жүргізіледі.

      Консультацияларды өткізген кезде Комиссияның құрылымдық бөлімшесі аудио- немесе бейнежазба жүргізеді.

      Консультациялар шеңберінде қаралатын материалдарда (құжаттарда, мәліметтерде, ақпаратта) құпия ақпарат болған кезде аудио- немесе бейнежазбаны жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Консультацияларды өткізу қорытындылары бойынша Комиссияның құрылымдық бөлімшесі хаттама жасайды, онда уәкілетті органдардың дәлелді позициялары көрсетіледі.

      Консультациялар хаттамасына Комиссияның консультация өткізген құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) қол қояды.

      Хаттама талдамалық қорытындыға қоса тіркеледі, бұл ретте консультациялар хаттамасының көшірмесі консультациялар жүргізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жіберіледі.

      Консультациялар барысында талдамалық қорытындының жобасы бойынша келіспеушіліктер реттелген жағдайда Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) оны бекіту күнін көрсете отырып, талдамалық қорытындыны бекітеді.

      66. Егер жүргізілген консультациялардың қорытындылары бойынша талдамалық қорытындының жобасы бойынша келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда оларды реттеу туралы мәселе Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесінің және уәкілетті органдар басшылары (басшылардың орынбасарлары) қатысатын консультацияларда қаралады.

      Көрсетілген консультацияларды өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда оған қатысушылардың позициялары көрсетіледі.

      Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі болмаған жағдайда оның жазбаша тапсырмасы бойынша уәкілетті органдардың басшылары (басшылардың орынбасарлары) қатысатын консультацияларды Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің басшысы өткізеді.

      Консультациялар хаттамасына Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі не Комиссияның консультацияларды өткізген уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      Хаттама талдамалық қорытындыға қоса тіркеледі, бұл ретте консультациялар хаттамасының көшірмесі консультациялар жүргізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жіберіледі.

      Көрсетілген консультациялар өткізілгеннен кейін Комиссияның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) оны бекіту күнін көрсете отырып, талдамалық қорытындыны бекітеді және Одақ құқығында белгіленген тәртіппен трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерінің жолын кесуге бағытталған әрекеттерді жүзеге асырады.

      67. Осы Әдістеменің 4-тармағының ережелерін ескере отырып талдамалық қорытынды мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс:

      а) жалпы ережелер:

      зерттеу мақсаты;

      бастапқы ақпарат көздерінің сипаттамасы;

      б) зерттеудің таңдалған уақыт аралығы туралы мәліметтер;

      в) тауар нарығының өнім шекаралары туралы қорытындылар (оларды айқындау әдісін таңдау негіздемесімен);

      г) тауар нарығының географиялық шекаралары туралы тұжырымдар (оларды анықтау әдісін таңдау негіздемесімен);

      д) тауар нарығында қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамы туралы мәліметтер;

      е) тауар нарығының көлемі және тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің үлестері туралы мәліметтер;

      ж) тауар нарығының шоғырлану деңгейі туралы қорытындылар;

      з) тауар нарығына кіру кедергілері туралы мәліметтер;

      и) тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау;

      к) тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің үстем жағдайы туралы мәліметтер;

      л) Критерийлерге сәйкес тауар нарығын трансшекаралық нарыққа жатқызу (жатқызбау) туралы және Комиссияның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу жөніндегі құзыретінің болуы (болмауы) туралы дәлелді тұжырымдар.

      68. Аналитикалық қорытынды тігіліп нөмірленуі керек.

      69. Егер трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу және (немесе) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қарау шеңберінде трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізген кезде Комиссияның қолында болмаған мән-жайлар, материалдар (құжаттар, мәліметтер, ақпарат) анықталатын болса, талдамалық қорытындыға өзгерістер (нақтылау) енгізілуі мүмкін.

      Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі осындай өзгерістер (нақтылаулар) енгізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органдарды хабардар етеді.

      70. Осы Әдістеменің 63 – 66-тармақтары және 67-тармағының "л" тармақшасы осы Әдістеменің 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларына сәйкес жүргізілетін бәсекелестіктің жай-күйін бағалау кезінде ғана қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады