Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 50 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 27-тармағына сәйкес:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 25 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  5-тармақта:

      алтыншы бағандағы "410 399,9" деген цифрлар "345 689,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      5.2-тармақша алып тасталсын;

      5.3-тармақшада алтыншы бағандағы "281 633,3" деген цифрлар "290 829,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      б) алтыншы бағандағы "Барлығы" деген жолдағы "1 135 457,9" деген цифрлар "1 070 747,9" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады