Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары туралы" баяндамасын назарға ала отырып, көрсетілген Баяндамада жазылған мынадай тәсілдер мақұлдансын:

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту жоспарларын іске асыру үшін бірыңғай операторды (оның ішінде Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларын тарта отырып) айқындау мәселесін пысықтаудың орындылығы туралы;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың орта мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламаларын әзірлеудің орындылығы туралы.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп:

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытуға арналған техникалық тапсырманың жаңа редакциясын әзірлесін және бекітсін; 

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде деректер беру арналарының жұмыс істеуін және қауіпсіздігін ұйымдастыру, қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін;

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдар кезеңіне арналған нысаналы бағдарламасының жобасын дайындасын.

      Мерзімі – 2022 жылдың екінші тоқсаны;

      қосымшаға сәйкес Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді өнеркәсіптік пайдалануға беруді және оларға Одаққа мүше мемлекеттерді қосуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалу барысы туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырыстарында баяндалсын.

      4. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады