Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 17 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 105 бабының 5 тармағына және 260 бабының 3 тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 Шешімімен бекітілген Жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты жолаушылар кедендік декларациясын толтыру және кедендік операцияларды жасау тәртібінің 21-тармағы, екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын

      "3.3-графа толтырылған жағдайда графада барлық өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 1 қосымшаның 2-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес пайдаланылған және жүру жолында және межелі жерде қажетті тауарлардан басқа) көрсетіледі.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады