2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Қолдану нәтижесінде ерікті негізде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын, сондай-ақ "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды сақтауды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 279 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің ережелері мен әдістерін қамтитын, оның ішінде "қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу ережелерін қамтитын мемлекетаралық стандарттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 қарашадағы № 274 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 279 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 14 шілдедегі № 76 шешімі.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 21 наурыздағы № 35 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама
Р/с | МКС коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері | Кеден одағының техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімдері | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет – жауапты әзірлеуші | |
басталу | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жалпы | ||||||
1 |
55.120 |
Металл жеңіл контейнерлер. Терминология және сыныптау. 1-бөлім. Үстінен ашылатын банкалар мен қақпақтар. | 2-бап | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
2 |
13.020.60 |
Қаптама. Қаптаманың беріктігін талдау критерийлері мен әдістемелері туралы есеп. |
5-баптың 11-тармағы | 2025 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы |
3 |
55.020 |
Қаптама және қоршаған орта. Химиялық регенерация процестері. | 5-баптың 11-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
4 | 55.020 |
Қаптама және қоршаған орта. Энергияны қалпына келтіру. | 5-баптың 11-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
5 | 55.020 |
Қаптама және қоршаған орта. Жөнелтілімдерді жеткізу үшін температураны бақылайтын тасымалдау пакеті. 1-бөлім: Жалпы талаптар. | 5-баптың 6-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
6 |
55.120 |
Металл жеңіл контейнерлер. Терминология және жіктеу. 2-бөлім. Жалпы мақсаттағы банкалар. | 2-бап | 2025 жыл |
2026 жыл | Ресей Федерациясы |
7 |
55.120 |
Металл жеңіл контейнерлер. Өлшемдер мен сыйымдылықты анықтау және анықтау әдістері. |
5-баптың 6 және | 2022 жыл |
2023 жыл | Ресей Федерациясы |
8 |
55.120 |
Металл жеңіл контейнерлер. Анықтамалар және өлшемдер мен сыйымдылықты анықтау әдістері. |
5-баптың 6 және |
2022 жыл | 2023 жыл | Ресей Федерациясы |
9 |
55.130 |
Металл жеңіл контейнерлер. Анықтамалар және өлшемдер мен сыйымдылықты анықтау әдістері. |
5-баптың 6 және |
2022 жыл |
2023 жыл | Ресей Федерациясы |
Полимерлі қаптама | ||||||
10 | 55.020 |
Тұтынушы полимерлі қаптама. Жалпы техникалық шарттар. | 5-баптың 6.3-тармағы | 2024 жыл | 2026 жыл | Ресей Федерациясы |
11 | 55.020 |
Қаптама. Коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған полиэтилен қаптар. Сынақ түрлері, талаптары және әдістері. | 5-баптың 6.3-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл | Қазақстан Республикасы |
12 |
55.020 |
Химиялық өнімдерге арналған полиэтилентерефталат бөтелкелері. Жалпы техникалық шарттар. | 5-баптың 6.3-тармағы | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы |
Шыны қаптама | ||||||
13 | 55.100 |
Тұрмыстық химия тауарларына арналған шыны қаптама. Техникалық шарттар. | 5-баптың 6.2-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
Қағаз қаптама | ||||||
14 | 55.020 |
Қаптама. Коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған қағаз қаптар. Сынақ түрлері, талаптары және әдістері. | 5-баптың 6.4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл |
Беларусь Республикасы |
Тоқыма қаптама | ||||||
15 | 55.180.99 |
Қаптама. Қауіпті емес жүктерге арналған жұмсақ контейнерлер (ЖК). | 5-баптың 1, 2, 3 және 6.6-тармақтары | 2024 жыл | 2026 жыл | Ресей Федерациясы |
Аралас материалдардан жасалған қаптама | ||||||
16 | 55.160 | Аралас қаптама материалдары. Техникалық шарттар. МемСТ әзірлеу | 5-баптың 6.5-тармағы | песпективасы бар әзірлеме | песпективасы бар әзірлеме | айқындалмаған |
Ағаш қаптама | ||||||
17 | 55.140 | Ағаш қаптама. Ағаш құйма және құрғақ бөшкелер. Техникалық шарттар. 8777-80 МемСТ қайта қарау | 5-баптың 6.7-тармағы | 2025 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы |
18 | 55.160 |
Ағаш қаптама. Техникалық шарттар. | 5-баптың 6.7-тармағы | 2025 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы |
19 | 55.160 |
Жәшіктер мен ағаштан жасалған тор жәшіктер. Механикалық беріктік нормалары. | 5-баптың 6.7-тармағы | 2022 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
Бекітіп жабу құралдары | ||||||
20 |
55.040 |
Қаптама. Қосымша үстіңгі тығындар |
5-баптың 8 және | 2025 жыл | 2026 жыл | Ресей Федерациясы |
21 | 55.040 |
Бекітіп жабатын полимерлі құралдар. Жалпы техникалық шарттар. |
5-баптың 8 және | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
22 | 55.040 |
Қақпақтар металл. Жалпы техникалық шарттар. |
5-баптың 8 және | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
23 |
55.040 |
Металл жеңіл контейнерлер. Оңай ашылатын және оңай бөлінетін қақпақтар. Сыныпталуы және өлшемдері. |
5-баптың 8 және | 2023 жыл |
2024 жыл | Ресей Федерациясы |
Сынақ әдістері | ||||||
24 |
55.100 |
Қыртысты тығындар. Бөлінетін | 5-баптың 8-тармағы | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы |
25 |
67.240 |
Бөтелкедегі өнімдерді жабу үшін таңдалған тығын қабығы. 1-бөлім. Сенсорлық талдау. Жібіту арқылы сенсорлық талдау әдістемесі. |
5-баптың 8 және | 2022 жыл | 2023 жыл | Ресей Федерациясы |
26 |
55.100 |
Қыртысты тығындар. Қалдық тотықтырғыштың мөлшерін анықтау. Йодометриялық титрлеу әдісі. |
5-баптың 8 және | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы |
27 |
55.100 |
Цилиндр тәрізді қыртысты тығындар. Физикалық қасиеттерді анықтау әдістері. | 5-баптың 9-тармағы | 2023 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
28 | 83.080.01 |
Сулы ортадағы пластмасса материалдардың толық аэробты биологиялық ыдырау қабілетін анықтау. Жабық респирометрдегі оттегінің тұтынылуын өлшеу әдісі. | 5-баптың 4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл |
Беларусь Республикасы |
29 | 83.080.01 |
Сулы ортадағы пластмасс материалдардың толық аэробты биологиялық ыдырау қабілетін анықтау. Бөлінетін көмірқышқыл газын талдау әдісі. | 5-баптың 4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл |
Беларусь Республикасы |
30 | 83.080.01 | Бақыланатын компостирлеу жағдайында пластмасса материалдардың толық аэробты биологиялық ыдырау қабілетін анықтау. Шығарылған көмірқышқыл газын талдауды қолдану әдісі. 1-бөлім. Жалпы әдіс. ISO 14855-1:2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 5-баптың 4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл |
Беларусь Республикасы |
31 | 83.080.01 |
Бақыланатын компостирлеу жағдайында пластмасса материалдардың толық аэробты биологиялық ыдырау қабілетін анықтау. Шығарылған көмірқышқыл газын талдауды қолдану әдісі. 2-бөлім. Зертханалық сынақ кезінде бөлінетін көмірқышқыл газын гравиметриялық өлшеу. | 5-баптың 4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл |
Беларусь Республикасы |
32 | 83.080.01 |
Пластмассалар. Тәжірибелік сынақ процесінде белгілі бір компостирлеу жағдайында пластмасса материалдардың ыдырау дәрежесін анықтау. | 5-баптың 4-тармағы | 2024 жыл | 2025 жыл |
Беларусь Республикасы |
33 | 83.080.01 |
Пластмассалар. Респирометрге оттегінің қажеттілігін немесе бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеу арқылы топырақта пластмассалардың толық аэробты биологиялық ыдырауын анықтау. | 5-баптың 4-тармағы | 2024 жыл | 2026 жыл |
Беларусь Республикасы |
34 | 55.020 |
Қаптама. Қаптар. Толтырылған қаптардың үйкеліс күшін анықтау. | 5-баптың 6-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы |
35 | 55.120 |
Металл жеңіл контейнерлер. Дөңгелек, үстінен ашылатын банкалар. Қақпаққа дейінгі толық номиналды сыйымдылығымен анықталатын банкалар. |
5-баптың 6 және | 2025 жыл | 2026 жыл | Ресей Федерациясы |
36 | 55.120 |
Металл жеңіл контейнерлер. Дөңгелек, үстінен ашылатын банкалар. Номиналды толтыру көлемімен анықталатын сұйық газдалған өнімдерге арналған банкалар. |
5-баптың 6 және | 2025 жыл | 2026 жыл | Ресей Федерациясы |
37 | 55.020 |
Қаптама тасымалдау. Пакеттерді жеткізу үшін температураны бақылайтын тасымалдау пакеті. | 5-баптың 6-тармағы | 2023 жыл | 2025 жыл |
Ресей Федерациясы |
38 |
55.020 |
Қаптама. Балалар аша алмайтын қаптама. Балалар аша алмайтын қайта пайдалануға болатын орау жүйелерін механикалық сынау әдістері. |
5-баптың 2, 3 және |
2023 жыл |
2024 жыл | Ресей Федерациясы |
39 | 55.020 |
Қаптама. Сулы ортадағы этиленгликоль құрамын анықтау. | 5-баптың 4-тармағы | песпективасы бар әзірлеме | песпективасы бар әзірлеме | айқындалмаған |
40 | 19.020 | Сулы модельдік ортада Пластмассадан жасалған бұйымдардан бөлінетін винилацетатты анықтаудың фотометриялық әдісі. МемСТ әзірлеу |
5-баптың 4 және | 2023 | 2025 | Қазақстан Республикасы |
41 | 55.020 19.020 | Тамақ өнімдеріне арналған полимерлі қаптама. Су модельдік орталарында бутилакрилатты газохроматографиялық әдіспен анықтау. МемСТ әзірлеу |
5-баптың 4 және | 2023 | 2025 | Қазақстан Республикасы |
____________________