Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011)талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2023 жылғы 25 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 57 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы
24 желтоқсандағы № 236 шешіміне енгізілетін өзгерістер
1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:
а) 405-позиция алып тасталсын;
б) мынадай мазмұндағы 60611-позициямен толықтырылсын:
"
60611 | "Шоколад. Жалпы техникалық шарттар" МемСТ Р 70337-2022 |
".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011)талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 639 – 652-позициялармен толықтырылсын:
"
639 | 11-қосымша | МЕМСТ 5479-64 "Өсімдік майлары және табиғи май қышқылдары. Сабынданбайтын заттарды анықтау әдісі" | |
640 | МЕМСТ 31681-2012 "Кондитерлік өнімдер. Сүт қосылған шоколад өнімдеріндегі құрғақ майсыз сүт қалдықтарын анықтау әдісі" | ||
641 | МЕМСТ 31682-2012 "Кондитерлік бұйымдар. Шоколад өнімдеріндегі жалпы құрғақ какао қалдықтарының құрамын анықтау әдістері" | ||
642 | МЕМСТ 31722-2012 "Кондитерлік бұйымдар. Шоколад өнімдеріндегі сүт майының мөлшерін анықтау әдісі" | ||
643 | МЕМСТ 31723-2012 "Кондитерлік бұйымдар. Шоколад өнімдеріндегі құрғақ майсыз какао қалдықтарының құрамын анықтау әдісі" | ||
644 | МЕМСТ 31902-2012 "Кондитерлік бұйымдар. Майдың массалық үлесін анықтау әдістері" | ||
645 | МЕМСТ 34604-2019 "Какао өнімдері. Какао бұршақтарының қабығын (какаовелла) және тұқымын (өскінін) анықтау әдістері" | ||
646 | МЕМСТ ISO 11053-2015 "Өсімдік тоңмайлары мен майлары. Сүт шоколадындағы какао майының баламаларын анықтау" | ||
647 | МЕМСТ ISO 23275-1-2020 "Жануарлар мен өсімдіктердің тоңмайлары мен майлары. Какао майы мен шоколадтағы какао майының баламалары. 1 бөлім. Какао майының баламаларын анықтау" | ||
648 | МЕМСТ ISO 23275-2-2020 "Жануарлар мен өсімдіктердің тоңмайлары мен майлары. Какао майы мен шоколадтағы какао майының баламалары. 2 бөлім. Какао майының баламаларын сандық анықтау" | ||
649 | МЕМСТ Р ИСО 23275-1-2013 "Жануарлар мен өсімдіктердің тоңмайлары мен майлары. Какао майы мен шоколадтағы какао майының баламалары. 1 бөлім. Какао майының баламаларының болуын анықтау" |
01.01.2024 дейін қолданылады | |
650 | МЕМСТ Р ИСО 23275-2-2013 "Жануарлар мен өсімдіктердің тоңмайлары мен майлары. Какао майы мен шоколадтағы какао майының баламалары. 2 бөлім. Какао майының баламаларының санын анықтау" |
01.01.2024 дейін қолданылады | |
651 | СТБ ISO 23275-1-2009 "Жануарлар мен өсімдіктердің тоңмайлары мен майлары. Какао майы мен шоколадтағы какао майының баламалары. 1 бөлім. Какао майының баламаларының болуын анықтау" |
01.01.2024 дейін қолданылады | |
652 | СТБ ISO 23275-2-2009 "Жануарлар мен өсімдіктердің тоңмайлары мен майлары. Какао майы мен шоколадтағы какао майының баламалары. 2 бөлім. Какао майының баламаларын сандық анықтау" |
01.01.2024 дейін қолданылады |
".
________________