Нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбада қамтылған электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтерді сақтауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 97 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі келісімнің 7-бабының 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбада қамтылған электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтерді сақтауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 97 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбада қамтылған электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтерді сақтауды ұйымдастыруға қойылатын ТАЛАПТАР

      1. Осы Талаптар Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі келісімнің 7-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбада орнатылатын электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтерді сақтауды ұйымдастыруды айқындайды.

      2. Нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбаға орнатылған электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтер туралы мәліметтер навигациялық пломбада тізілім нысанында сақталады.

      3. Тізілім:

      а) навигациялық пломбаның бірегей сәйкестендіру нөмірін;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Навигациялық пломбаларды қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарларды тасымалдаудың бірегей нөмірінің құрылымы туралы" 2023 жылғы 28 наурыздағы № 40 шешіміне сәйкес ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тасымалдаудың бірегей нөмірін (бұдан әрі – тасымалдаудың бірегей нөмірі);

      в) әрбір электрондық құжат және (немесе) құжаттан алынған мәліметтер туралы мәліметтерді:

      құжаттың сәйкестендіргіші (құжаттан алынған мәліметтер);

      құжаттар түрлерінің және мәліметтердің сыныптауышына сәйкес құжат түрінің (құжаттан алынған мәліметтердің) коды (құжаттан алынған мәліметтер үшін осындай құжат түрінің коды көрсетіледі);

      құжаттың күні (бар болған жағдайда) және нөмірі (құжаттан алынған мәліметтер үшін осындай құжаттың күні (бар болған жағдайда) және нөмірі көрсетіледі;

      осы құжат қоса тіркелетін тізілімге сәйкес құжаттың (құжаттан алынған мәліметтердің) сәйкестендіргіші (бар болған жағдайда);

      құжатта (құжаттан алынған мәліметтерде) қамтылған файл (файлдар) туралы мәліметтер:

      файлдың және деректер форматы туралы мәліметтің атауы;

      файлды навигациялық пломбаға жүктеу белгісі;

      электрондық цифрлық қолтаңбаның (электрондық қолтаңбаның) болуы белгісі;

      электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) қалыптастыру және тексеру алгоритмінің сәйкестендіргіші;

      электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) ұсыну форматы туралы мәліметтер;

      шифрлеу белгісі;

      шифрлеу алгоритмінің сәйкестендіргіші;

      шифрленген деректерді ұсыну форматы туралы мәліметтер;

      файлда қамтылған ақпараттың сипаттамасы (бар болған жағдайда);

      г) ақпараттық жүйе қалыптастыратын тізілімді автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипатының мәліметтерін қамтиды.

      4. Тізілім навигациялық пломбада файл түрінде сақталады және қосымшаға сай құрылымға және форматқа сәйкес қалыптастырылады. Осы Талаптардың 3-тармағының "г" тармақшасында көрсетілген мәліметтердің құрамын тізілімнің құрылымы айқындайды.

      5. Тізілімді қамтитын файл электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтерді қамтитын файлдармен бірге навигациялық пломбада орналастырылады.

      6. Тізілімді қамтитын файлдың атауы мынадай схема бойынша қалыптасады:

      NSR.xxxxxxxx-xxxx-xxxx-xxxx-xxxxxxxxxxxx,

      мұндағы:

      NSR – тілізімі бар файлды білдіретін аббревиатура;

      xxxxxxxx-xxxx-xxxx-xxxx-xxxxxxxxxxxx – тасымалдаудың бірегей нөмірі.

      7. Навигациялық пломбаға жазылатын файлдардың жиынтық мөлшері 25 Мб аспауы тиіс.

      8. Электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтер навигациялық пломбада электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) конвертациялаусыз және (немесе) алмастырмай орналастырылады.

      Инспекциялық-тексеріп қарау кешенін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізу кезінде алынған навигациялық пломбаға орналастырылатын кескіндер мынадай графикалық форматтардың біріне конвертациялануы тиіс: JPEG, PNG.

      9. Тізілімді қамтитын файлдар, электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтер навигациялық пломбаның ішкі энергиядан тәуелсіз жадысында сақталады.

  Нақты тасымалдауды
қадағалау кезеңінде
навигациялық пломбада
қамтылған электрондық
құжаттарды және (немесе)
құжаттардан алынған
мәліметтерді сақтауды
ұйымдастыруға
қойылатын талаптарға
ҚОСЫМША

Нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбаға орналастырылған электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтер тізілімінің ҚҰРЫЛЫМЫ мен ФОРМАТЫ

      1. Осы құжат нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбаға орналастырылған электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтер тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) құрылымы мен форматын айқындайды.

      2. Осы құжатта пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарда және актілерде белгіленген мағыналарда қолданылады.

      Осы құжатта пайдаланылатын қысқартулар мыналарды білдіреді:

      "XML" – Дүниежүзілік ғаламтор Консорциумы (W3C) ұсынған белгілеудің кеңейтілген тілі;

      "мүше мемлекет" – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылатын мемлекет;

      "Одақ" – Еуразиялық экономикалық одақ.

      3. Тізілім осы құжатта айқындалған құрылымға сәйкес мынадай стандарттардың талаптарын ескере отырып XML-форматта қалыптасады:

      "Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)" – "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде (бұдан әрі – Интернет желісі) мына мекенжай бойынша жарияланған: https://www.w3.org/TR/xml/;

      "Namespaces in XML (Third Edition)" – Интернет желісініде мына мекенжай бойынша жарияланған: http://www.w3.org/TR/REC-xml-names;

      "XML Schema Part 1: Structures" және "XML Schema Part 2: Datatypes" – Интернет желісінде мына мекенжайлар бойынша жарияланған: http://www.w3.org/TR/xmlschema-1/ және http://www.w3.org/TR/xmlschema-2/.

      4. Тізілімнің құрылымы Одақтың деректер моделін (бұдан әрі – деректер моделі) пайдалану негізінде әзірленген және мыналарды:

      а) тізілімнің құрылымы туралы жалпы мәліметтерді;

      б) импортталатын атаулар кеңістігін (тізілімнің құрылымын әзірлеу кезінде пайдаланылған деректер моделінің объектілеріне тиесілі атаулар кеңістігі);

      в) тізілім құрылымының деректемелік құрамын (қарапайым (атомарлық) деректемелерге дейінгі иерархиялық деңгейлерін ескере отырып);

      г) базистік деңгейдің және "Кедендік әкімшілендіру" пәндік саласы деңгейінің деректер моделінің объектілері туралы мәліметтерді:

      тізілімнің құрылымында пайдаланылатын деректердің базалық типтері туралы;

      тізілімнің құрылымында пайдаланылатын деректердің жалпы қарапайым типтері туралы;

      тізілімнің құрылымында пайдаланылатын "Кедендік әкімшілендіру" пәндік саласының қолданбалы қарапайым типтік деректері туралы;

      д) тізілім құрылымының жекелеген деректемелерін толтыру сипаттамасын көрсете отырып кестелік нысанда сипатталады

      5. Тізілімнің құрылымы туралы жалпы мәліметтер 1-кестеде берілген.

      1-кесте

Тізілімнің құрылымы туралы жалпы мәліметтер

р/с

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Атауы

нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбада орналастырылған электрондық құжаттардың және (немесе) құжаттардан алынған мәліметтердің тізбесі

2

Сәйкестендіруші

R.053

3

Нұсқасы

1.0.0

4

Атаулар кеңістігінің сәйкестендірушісі

urn:EEC:R:053:EECNavigationSealInfo:v1.0.0

5

XML-құжаттың түпкі элементі

NavigationSealInfo

6

XML-схемасы файлының атауы

EEC_R_053_EECNavigationSealInfo_v1.0.0.xsd

      6. Импортталатын атаулар кеңістігі 2-кестеде берілген.

      2-кесте

Импортталатын атаулар кеңістігі

р/с

Атаулар кеңістігінің сәйкестендірушісі

Префикс

1

2

3

1

urn:EEC:M:CA:ComplexDataObjects:vX.X.X

cacdo

2

urn:EEC:M:CA:SimpleDataObjects:vX.X.X

casdo

3

urn:EEC:M:ComplexDataObjects:vX.X.X

ccdo

4

urn:EEC:M:SimpleDataObjects:vX.X.X

csdo

      "X.X.X" символдары импортталатын атаулар кеңістіктерінде тізілімнің құрылымын әзірлеу кезінде пайдаланылған деректер моделінің құрамдас бөліктері нұсқаларының нөмірлеріне сәйкес келеді.

      7. Тізілім құрылымының деректемелік құрамы 3-кестеде берілген.

      Кестеде мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеменің атауы" – деректеменің иерархиялық нөмірі көрсетілген деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөздік белгіленімі;

      "деректеменің сипаттамасы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "сәйкестендіруші" – деректемеге сәйкес келетін деректер моделіндегі деректер элементінің сәйкестендірушісі;

      "деректер типі" – деректемеге сәйкес келетін деректер моделіндегі деректер типінің сәйкестендірушісі;

      "көпт." – деректемелердің көптігі: міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталануының саны.

      Тізілім құрылымы деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен артық емес қайталануы мүмкін (m > 1).

      3-кесте

Тізілім құрылымының деректемелік құрамы (R.053)

Деректеменің атауы

Деректеменің сипаттамасы

Сәйкестендіруші

Деректердің типі

Көпт.

1. Электрондық құжаттың (мәліметтердің) коды
(csdo:‌EDoc‌Code)

электрондық құжаттардың және мәліметтердің құрылымдары тізіліміне сәйкес электрондық құжаттың (мәліметтердің) кодтық мәні

M.SDE.90001

M.SDT.90001

1

2. Электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі
(csdo:‌EDoc‌Id)

электрондық құжатты (мәліметті) бірмағыналы сәйкестендіретін символдар жолы

M.SDE.90007

M.SDT.90003

1

3. Бастапқы электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі
(csdo:‌EDoc‌Ref‌Id)

осы электрондық құжат (мәліметтер) жауап ретінде қалыптастырылған электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі

M.SDE.90008

M.SDT.90003

0..1

4. Электрондық құжаттың (мәліметтердің) күні және уақыты
(csdo:‌EDoc‌Date‌Time)

электрондық құжаттың (мәліметтердің) құрылған күні және уақыты

M.SDE.90002

M.BDT.00006

1

5. Тасымалдаудың бірегей сәйкестендірушісі
(casdo:‌Movement‌Id)

тасымалдаудың бірегей сәйкестендірушісі

M.CA.SDE.00638

M.SDT.90003

1

6. Навигациялық пломбаның сәйкестендірушісі
(casdo:‌Navigation‌Seal‌Id)

навигациялық пломбаның бірегей сәйкестендіру нөмірі

M.CA.SDE.00822

M.CA.SDT.00206

1

7. Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдаудың ілеспе құжаты
(cacdo:‌NSDocuments‌Details)

навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдаудың ілеспе құжаты (құжаттан алынған мәліметтер) туралы мәліметтер

M.CA.CDE.00661

M.CA.CDT.00631
Енгізілген элементтер-дің мәндері облыстары-мен айқындалады

1..*

7.1. Жазбаның сәйкестендірушісі
(casdo:‌Line‌Id)

жазбаның реттік нөмірі

M.CA.SDE.00771

M.SDT.00108

1

7.2. Құжат түрінің коды
(csdo:‌Doc‌Kind‌Code)

құжат түрінің кодтық мәні

M.SDE.00054

M.SDT.00140

0..1

а) анықтамалықтың (сыныпта-уыштың) сәйкестендірушісі
(codeListId атрибуты)

көрсетілген кодқа сәйкес анықтамалықтың (сыныптауыштың) белгіленуі

M.SDT.00091

1

7.3. Құжаттың атауы
(csdo:‌Doc‌Name)

құжаттың атауы

M.SDE.00108

M.SDT.00134

0..1

7.4. Құжаттың нөмірі
(csdo:‌Doc‌Id)

құжатты тіркеу кезінде оған берілген цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіленуі

M.SDE.00044

M.SDT.00093

0..1

7.5. Құжаттың күні
(csdo:‌Doc‌Creation‌Date)

құжаттың берілген, қол қойылған, бекітілген немесе тіркелген күні

M.SDE.00045

M.BDT.00005

0..1

7.6. Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі
(casdo:‌Reference‌Line‌Id)

осы құжат (құжаттан алынған мәліметтер) оған қосымша болатын құжаттың (құжаттан алынған мәліметтердің) реттік нөміріне сілтеме

M.CA.SDE.00617

M.SDT.00108

0..1

7.7. Қосарлы деректер туралы мәліметтер
(cacdo:‌Binary‌Data‌Details)

құжатта (мәліметте) қамтылған қосарлы деректер туралы мәліметтер

M.CA.CDE.00677

M.CA.CDT.00563
Енгізілген элементтер-дің мәндері облыстарымен айқындалады

1..*

7.7.1. Қосарлы файлдың атауы
(casdo:‌Binary‌File‌Name)

қосарлы деректерді ұсынатын файлдың атауы

M.CA.SDE.00643

M.SDT.00068

0..1

7.7.2. Деректер форматының коды
(casdo:‌Media‌Type‌Code)

деректер форматының кодтық белгіленімі

M.CA.SDE.00758

M.SDT.00147

0..1

7.7.3. Қолтаңбаның болуы белгісі
(casdo:‌Sign‌Indicator)

деректерге электрондық цифрлық қолтаңбаның (электрондық қолтаңбаның) қойылуы белгісі

M.CA.SDE.00733

M.BDT.00013

0..1

7.7.4. Қолтаңба алгоритмінің сәйкестендірушісі
(casdo:‌Signature‌Algorithm‌Id)

электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) қалыптастыру және тесеру алгоритмінің сәйкестендірушісі

M.CA.SDE.00997

M.CA.SDT.00315

0..1

7.7.5. Қолтаңба форматының коды
(casdo:‌Signature‌Format‌Code)

электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) ұсыну форматының кодтық белгіленуі

M.CA.SDE.00996

M.CA.SDT.00314

0..1

7.7.6. Бақылау сомасы
(csdo:‌Check‌Sum‌Id)

қосарлы деректердің бақылау сомасы

M.SDE.00338

M.SDT.00319

0..1

а) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендірушісі
(algorithmId атрибуты)

есептеу алгоритмінің белгіленуі

M.SDT.00091

0..1

7.7.7. Шифрлеу белгісі
(casdo:‌Encryption‌Indicator)

деректерді шифрлеу белгісі

M.CA.SDE.00645

M.BDT.00013

0..1

7.7.8. Шифрлеу алгоритмінің сәйкестендірушісі
(casdo:‌Encryption‌Algorithm‌Id)

деректерді шифрлеу алгоритмінің сәйкестендірушісі

M.CA.SDE.00998

M.CA.SDT.00315

0..1

7.7.9. Деректерді шифрлеу форматының коды
(casdo:‌Encryption‌Format‌Code)

шифрланған деректерді ұсыну форматының кодтық белгіленімі

M.CA.SDE.00995

M.CA.SDT.00314

0..1

7.7.10. Жүктеу белгісі
(casdo:‌Loading‌Indicator)

қосарлы деректерді материалдық тасымалдағышқа жүктеу белгісі

M.CA.SDE.00647

M.BDT.00013

1

7.7.11. Сипаттау
(csdo:‌Description‌Text)

қосарлы деректерде қамтылған ақпаратты сипаттау

M.SDE.00002

M.SDT.00088

0..1

      8. Тізілімнің құрылымында пайдаланылған деректердің базалық типтері туралы мәліметтер 4 және 5-кестелерде берілген.

      4-кесте

Тізілімнің құрылымында пайдаланылған деректердің базалық типтері туралы жалпы мәліметтер

р/с

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

Атаулар кеңістігінің сәйкестендірушісі

urn:EEC:M:BaseDataTypes:vX.X.X

2

Атаулар кеңістігінің префиксі

bdt

      "X.X.X" символдары атаулар кеңістігінде тізілімнің құрылымын әзірлеу кезінде пайдаланылған деректердің баистік моделі нұсқасының нөміріне сәйкес келеді.

      5-кестеде мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "сәйкестендіруші" – деректер моделіндегі деректер типінің сәйкестендірушісі;

      "UML конструкциясы" – деректер типіне сәйкес келетін деректер моделіндегі UML конструкциясының сәйкестендірушісі;

      "атауы" – деректер моделіндегі деректер типінің атауы;

      "мәндер облысы" – деректер типіне сәйкес келетін рұқсат етілген мәндердің көптігі.

      5-кесте

Тізілім құрылымында пайдаланылған деректердің базалық типтері

р/с

Сәйкестендіруші

UML конструкциясы

Атауы

Мәндер облысы

1

M.BDT.00005

DateType

Күні. Типі

ISO 8601 сәйкес күннің белгіленуі

2

M.BDT.00006

DateTimeType

Күні және уақыты. Типі

ISO 8601 сәйкес күннің және уақыттың белгіленуі

3

M.BDT.00013

IndicatorType

Индикатор. Типі

екі мәннің бірі: "true" (ақиқат) немесе "false" (жалған)

      9. Тізілімнің құрылымында пайдаланылған деректердің жалпы қарапайым типтері туралы мәліметтер 6 және 7-кестелерде берілген.

      6-кесте

Тізілімнің құрылымында пайдаланылған деректердің жалпы қарапайым типтері туралы жалпы мәліметтер

р/с

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

Атаулар кеңістігінің сәйкестендірушісі

urn:EEC:M:SimpleDataObjects:vX.X.X

2

Атаулар кеңістігінің префиксі

csdo

      "X.X.X" символдары атаулар кеңістігінде тізілімнің құрылымын әзірлеу кезінде пайдаланылған деректердің базистік моделі нұсқасының нөміріне сәйкес келеді.

      7-кестеде мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "сәйкестендіруші" – деректер моделіндегі деректер типінің сәйкестендірушісі;

      "UML конструкциясы" – деректер типіне сәйкес келетін деректер моделіндегі UML конструкциясының сәйкестендірушісі;

      "атауы" – деректер моделіндегі деректер типінің атауы;

      "мәндер облысы" – деректердің типіне сәйкес келетін рұқсат етілген мәндердің көптігі.

      7-кесте

Тізілім құрылымында пайдаланылған деректердің жалпы қарапайым типтері

р/с

Сәйкестендіруші

UML конструкциясы

Атауы

Мәндер облысы

1.

M.SDT.00068

Name250‌Type

Атауы. 250 символға дейін. Типі

Символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 250

2.

M.SDT.00088

Text4000Type

Мәтін. 4000 символға дейін. Типі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 4000

3.

M.SDT.00091

ReferenceDataIdType

Анықтамалық (сәйкестендіруші)_ Идентификатор. Тип

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 20

4.

M.SDT.00093

Id50Type

Сәйкестендіруші. 50 символға дейін. Типі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 50

5.

M.SDT.00108

Id40‌Type

Сәйкестендіруші. 40 символға дейін. Типі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 40

6.

M.SDT.00134

Name500Type

Атауы. 500 символға дейін. Типі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 500

7.

M.SDT.00140

UnifiedCode20Type

Коды. 20 символға дейін: 2 нұсқа. Типі

сәйкестендірушісі "Анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендірушісі" атрибутында айқындалған анықтамалыққа (сыныптауышқа) сәйкес кодтың мәні.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 20

8.

M.SDT.00147

Media‌Type‌Code‌Type

Деректер форматы_ Коды. Типі

Деректер форматтарының анықтамалығына сәйкес кодтың мәні.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 255

9.

M.SDT.00319

Check‌Sum‌Id‌Type

Бақылау сомасы_ Сәйкестендіруші. Типі

Символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 1024

10.

M.SDT.90001

EDocCodeType

Электрондық құжат (мәліметтер)_ Коды. Типі

электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымының тізіліміне сәйкес кодтың мәні.
Шаблон: R(\.[A-Z]{2}\.[A-Z]{2}\.[0-9]{2})?\.[0-9]{3}

11.

M.SDT.90003

UniversallyUniqueIdType

Әмбебап бірегей_ Сәйкестендіруші. Типі

ISO/IEC 9834-8 сәйкес сәйкестендірушінің мәні.
Шаблон: [0-9a-fA-F]{8}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{12}

      10. Тізілімнің құрылымында пайдаланылған "Кедендік әкімшілендіру" пәндік облысы деректерінің қолданбалы қарапайым типтері туралы мәліметтер 8 және 9-кестелерде берілген.

      8-кесте

Тізілімнің құрылымында пайдаланылған "Кедендік әкімшілендіру" пәндік облысы деректерінің қолданбалы қарапайым типтері туралы жалпы мәліметтер

р/с

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

Атаулар кеңістігінің сәйкестендірушісі

urn:EEC:M:CA:SimpleDataObjects:vX.X.X

2

Атаулар кеңістігінің префиксі

casdo

      "X.X.X" символдары атаулар кеңістігінде тізілімнің құрылымын әзірлеу кезінде пайдаланылған деректер моделінің "Кедендік әкімшілендіру" пәндік облысының нұсқасына сәйкес келеді.

      9-кестеде мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "сәйкестендіруші" – деректер моделіндегі деректер типінің сәйкестендірушісі;

      "UML конструкциясы" – деректер типіне сәйкес келетін деректер моделіндегі UML конструкциясының сәйкестендірушісі;

      "атауы" – деректер моделіндегі деректер типінің атауы;

      "мәндер облысы" – деректер типіне сәйкес келетін рұқсат етілген мәндердің көптігі.

      9-кесте

Тізілімнің құрылымында пайдаланылған "Кедендік әкімшілендіру" пәндік облысы деректерінің қолданбалы қарапайым типтері

р/с

Сәйкестендіруші

UML конструкциясы

Атауы

Мәндер облысы

1

M.CA.SDT.00206

Id100‌Type

Сәйкестендіруші. 100 символға дейін. Типі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 100

2

M.CA.SDT.00314

Cryptography Format Code Type

Криптографиялық деректерді ұсыну форматы_ Коды. Типі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 512

3

M.CA.SDT.00315

Cryptography Algorithm Id Type

Криптографиялық деректерді қалыптастыру алгоритмі _ Сәйкестендіруші. Типі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең ұзақ ұзындығы: 512

      11. Тізілім құрылымының жекелеген деректемелерін толтыру сипаттамасы 10-кестеде берілген.

      Кестеде мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеменің атауы" – деректеменің иерархиялық нөмірі көрсетілген деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөздік белгіленімі;

      "көпт." – деректемелердің көптігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталануының саны). Деректемелердің көптігін көрсету үшін осы құжаттың 7-тармағында көрсетілген белгілеулерге сәйкес белгіленімдер пайдаланылады;

      "деректемені толтыру ережесі" – деректемені толтыру ережесін айқындайды;

      "ереженің коды" – деректемені толтыру ережесінің кодтық белгіленімі;

      "ереженің түрі" – деректемені толтыру ережесі түрінің кодтық белгіленімі. Ықтимал мәндер:

      "1" – әрбір мүше мемлекетте қолданылатын жалпы ереже, Одақтың құқығымен белгіленеді;

      "2" – мүше мемлекеттерде деректемені толтыру ерекшелігін айқындайтын ереже, Одақтың құқығымен белгіленеді;

      "3" – мүше мемлекетте деректемені толтыру ерекшелігін айқындайтын ереже, мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді;

      "елдің коды" – "2" немесе "3" түрінің деректемесін толтыру ережесі қолданылатын әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес мүше мемлекеттің кодтық белгіленімі (AM, BY, KZ, KG, RU);

      "ереженің сипаттамасы" – деректемені толтыру ережесінің сипаттамасы.

      10-кесте

Тізілім құрылымының жекелеген деректемелерін толтыру сипаттамасы


Деректеменің атауы
 

Көпт.

Деректемені толтыру ережесі*

Ереженің коды

Ереженің түрі

Елдің коды

Ереженің сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

1. Электрондық құжаттың (мәліметтердің) коды
(csdo:‌EDoc‌Code)

1

B.053.00001

1


"Электрондық құжаттың (мәліметтердің) коды (csdo:EDocCode)" деректемесі "R.053" мәнін қамтуы тиіс

2. Электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі
(csdo:‌EDoc‌Id)

1

B.053.00002

1


"Электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі (csdo:EDocId)" деректемесінің мәні шаблонға сәйкес келуі тиіс: [0-9a-fA-F]{8}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{12}

3. Бастапқы электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі
(csdo:‌EDoc‌Ref‌Id)

0..1

B.053.00003

1


егер "Бастапқы электрондық құжаттың (мәліметтердің) сәйкестендірушісі (csdo:EDocRefId)" деректемесі толтырылған болса, онда деректеменің мәні шаблонға сәйкес келуі тиіс: [0-9a-fA-F]{8}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{12}

4. Электрондық құжаттың (мәліметтердің) күні және уақыты
(csdo:‌EDoc‌Date‌Time)

1

B.053.00004

1


"Электрондық құжаттың (мәліметтердің) күні және уақыты (csdo:‌EDoc‌Date‌Time)" деректемесінің мәні Бүкіләлемдік уақыттың айырмашылығын көрсете отырып жергілікті уақыттың мәні түрінде электрондық құжаттың (мәліметтердің) қалыптастырылған күнін қамтуы тиіс

B.053.00005

1


"Электрондық құжаттың (мәліметтердің) күні және уақыты" деректемесінің мәні шаблонға сәйкес келуі тиіс: YYYY-MM-DDThh:mm:ss.ccc±hh:mm, мұндағы ccc – миллисекунд мәнін белгілейтін символдар (болмауы мүмкін)

5. Тасымалдаудың бірегей сәйкестендірушісі
(casdo:‌Movement‌Id)

1

B.053.00029



"Тасымалдаудың бірегей сәйкестендірушісі (casdo:MovementId)" деректемесінің мәні шаблонға сәйкес келуі тиіс: [0-9a-fA-F]{8}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{4}-[0-9a-fA-F]{12}

6. Навигациялық пломбаның сәйкестендірушісі
(casdo:‌Navigation‌Seal‌Id)

1





7. Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат
(cacdo:‌NSDocuments‌Details)

1..*





7.1. Жазбаның сәйкестендірушісі
(casdo:‌Line‌Id)

1

B.053.00010

1


"Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments Details)" деректемесі данасының құрамында "Жазбаның сәйкестендірушісі (casdo:‌Line‌Id)" деректемесі қайталанатын мәндерді қамтымауы тиіс

7.2. Құжат түрінің коды
(csdo:‌Doc‌Kind‌Code)

0..1

B.053.00030

1


"Құжат түрінің коды (csdo:‌Doc‌Kind‌Code)" деректемесі толтырылған болуы тиіс

B.053.00011

1


"Құжат түрінің коды (csdo:‌Doc‌Kind‌Code)" деректемесі құжаттар және мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжат түрінің коды мәнін қамтуы тиіс

а) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендірушісі
(codeListId атрибуты)

1

B.053.00012

1


"Құжат түрінің коды (csdo:‌Doc‌Kind‌Code)" деректемесінің "анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендірушісі (codeListId атрибуты)" атрибуты "2009" мәнін қамтуы тиіс

7.3. Құжаттың атауы
(csdo:‌Doc‌Name)

0..1





7.4. Құжаттың нөмірі
(csdo:‌Doc‌Id)

0..1

B.053.00013

1


"Құжаттың нөмірі (csdo:‌Doc‌Id)" деректемесі толтырылған болуы тиіс

7.5. Құжаттың күні
(csdo:‌Doc‌Creation‌Date)

0..1

B.053.00015

1


егер "Құжаттың күні (csdo:‌Doc‌Creation‌Date)" деректемесі толтырылған болса, онда "Құжаттың күні (csdo:‌Doc‌Creation‌Date)" деректемесінің мәні шаблонға сәйкес келуі тиіс: YYYY-MM-DD

7.6. Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі
(casdo:‌Reference‌Line‌Id)

0..1

B.053.00016

1


егер "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments‌Details)" деректемесінің осы данасы "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments‌Details)" деректемесінің басқа данасында ол туралы мәліметтер ұсынылған басқа құжатқа (құжаттан алынған мәліметтерге) қосымша болып табылатын құжат (құжаттан алынған мәліметтер) туралы мәліметті қамтитын болса "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo: NSDocuments Details)" деректемесі данасының құрамында "Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі (casdo:ReferenceLineId)" деректемесі толтырылған болуы тиіс, әйтпесе "Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі (casdo:ReferenceLineId)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00017

1


егер "Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі (casdo:‌Reference‌Line‌Id)" деректемесі толтырылған болса, онда "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments‌Details)" деректемесі данасының құрамындағы "Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі (casdo:‌Reference‌Line‌Id)" деректемесінің мәні "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments‌Details)" деректемесінің басқа данасының құрамындағы "Жазбаның сәйкестендірушісі (casdo:‌Line‌Id)" деректемесінің мәніне сәйкес келуі тиіс

B.053.00018

1


егер "Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі (casdo:‌Reference‌Line‌Id)" деректемесі толтырылған болса, онда "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments‌Details)" деректемесі данасының құрамындағы "Жазбаның сілтемелік сәйкестендірушісі (casdo:‌Reference‌Line‌Id)" деректемесінің мәні "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын тасымалдауға ілеспе құжат (cacdo:‌NSDocuments‌Details)" деректемесінің осы данасының құрамындағы "Жазбаның сәйкестендірушісі (casdo:‌Line‌Id)" деректемесінің мәніне сәйкес келмеуі тиіс

7.7. Қосарлы деректер туралы мәліметтер
(cacdo:‌Binary‌Data‌Details)

1..*





7.7.1. Қосарлы файлдың атауы
(casdo:‌Binary‌File‌Name)

0..1

B.053.00019



еегер "Жүктеу белгісі (casdo:‌Loading‌Indicator)" деректемесі "1" мәнін қамтитын болса, онда "Қосарлы файлдың атауы (casdo:‌Binary‌File‌Name)" деректемесі толтырылған болуы тиіс, әйтпесе "Қосарлы файлдың атауы (casdo:‌Binary‌File‌Name)" толтырылмауы тиіс

7.7.2. Деректер форматының коды
(casdo:‌Media‌Type‌Code)

0..1

B.053.00020



егер "Жүктеу белгісі (casdo:‌Loading‌Indicator)" деректемесі "1" мәнін қамтитын болса, онда "Деректер форматының коды (casdo:‌Media‌Type‌Code)" толтырылған болуы тиіс, әйтпесе "Деректер форматының коды (casdo:‌Media‌Type‌Code)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00021



егер "Деректер форматының коды (casdo:‌Media‌Type‌Code)" деректемесі толтырылған болса, онда "Деректер форматының коды (casdo:‌Media‌Type‌Code)" деректемесі Multipurpose Internet Mail Extensions (MIME) стандартына сәйкес файл типінің мәнін қамтуы тиіс

7.7.3. Қолтаңбаның болуы белгісі
(casdo:‌Sign‌Indicator)

0..1

B.053.00022



егер "Жүктеу белгісі (casdo:‌Loading‌Indicator)" деректемесі "1" мәнін қамтитын болса, онда "Қолтаңбаның болуы белгісі (casdo:‌Sign‌Indicator)" деректемесі толтырылған болуы тиіс, әйтпесе "Қолтаңбаның болуы белгісі (casdo:‌Sign‌Indicator)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00023



егер "Қолтаңбаның болуы белгісі (casdo:‌Sign‌Indicator)" деректемесі толтырылған болса, онда "Қолтаңбаның болуы белгісі (casdo:SignIndicator)" деректемесі мына мәндердің 1-ін қамтуы тиіс:
0 – файлға электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) қойылмаған;
1 – файлға электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) қойылған

7.7.4. Қолтаңба алгоритмінің сәйкестендірушісі
(casdo:‌Signature‌Algorithm‌Id)

0..1

B.053.00029



егер "Қолтаңбаның болуы белгісі (casdo:‌Sign‌Indicator)" деректемесі "0" мәнін қамтитын болса, онда "Қолтаңба алгоритмінің сәйкестендірушісі (casdo:‌Signature‌Algorithm‌Id)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00030



егер "Қолтаңба алгоритмінің сәйкестендірушісі (casdo:‌Signature‌Algorithm‌Id)" деректемесі толтырылған болса, онда "Қолтаңба алгоритмінің сәйкестендірушісі (casdo:‌Signature‌Algorithm‌Id)" деректемесі оған сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) қалыптастырылған алгоритмнің OID-сәйкестендірушісі мәнін қамтуы тиіс

7.7.5. Қолтаңба форматының коды
(casdo:‌Signature‌Format‌Code)

0..1

B.053.00031



егер "Қолтаңбаның болуы белгісі (casdo:‌Sign‌Indicator)" деректемесі "0" мәнін қамтитын болса, онда "Қолтаңба форматының коды (casdo:‌Signature‌Format‌Code)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00032



егер "Қолтаңба форматының коды (casdo:‌Signature‌Format‌Code)" деректемесі толтырылған болса, онда "Қолтаңба форматының коды (casdo:‌Signature‌Format‌Code)" деректемесі электрондық қолтаңбаны ұсыну форматының кодтық белгіленуін қамтуы тиіс

7.7.6. Бақылау сомасы
(csdo: Check Sum Id)

0..1

B.053.00024



"Бақылау сомасы (casdo:‌Check‌Sum‌Id)" деректемесі толтырылмауы тиіс

а) анықтамалықтың (сыныптауыштың) сәйкестендірушісі
(algorithmId атрибуты)

0..1





7.7.7. Признак шифрования
(casdo:‌Encryption‌Indicator)

0..1

B.053.00025



егер "Жүктеу белгісі (casdo:‌Loading‌Indicator)" деректемесі "1" мәнін қамтитын болса, онда "Шифрлеу белгісі (casdo:‌Encryption‌Indicator)" деректемесі толтырылған болуы тиіс, әйтпесе "Шифрлеу белгісі (casdo:‌Encryption‌Indicator)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00026



егер "Шифрлеу белгісі (casdo:‌Encryption‌Indicator)" деректемесі толтырылған болса, онда "Шифрлеу белгісі (casdo:‌Encryption‌Indicator)" деректемесі мына мәндердің 1-ін қамтуы тиіс:
0 – файл шифрланбаған түрде ұсынылған;
1 – файл шифрланған түрде ұсынылған

7.7.8. Шифрлеу алгоритмінің сәйкестендірушісі
(casdo:‌Encryption‌Algorithm‌Id)

0..1

B.053.00033



егер "Шифрлеу белгісі (casdo:‌Encryption‌Indicator)" деректемесі "0" мәнін қамтитын болса, онда "Шифрлеу алгоритмінің сәйкестендіргіші (casdo:‌Encryption‌Algorithm‌Id)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00034



егер "Шифрлеу алгоримтінің сәйкестендірушісі (casdo:‌Encryption‌Algorithm‌Id)" деректемесі толтырылған болса, онда "Шифрлеу алгоритмінің сәйкестендірушісі (casdo:‌Encryption‌Algorithm‌Id)" деректемесі оған сәйкес деректерді шифрлеу қолданылған алгоритмнің OID-сәйкестендірушісі мәнін қамтуы тиіс

7.7.9. Шифрланған деректер форматының коды
(casdo:‌Encryption‌Format‌Code)

0..1

B.053.00035



егер "Шифрлеу белгісі (casdo:‌Encryption‌Indicator)" деректемесі "0" мәнін қамтитын болса, онда "Шифрланған деректер форматының коды (casdo:‌Encryption‌Format‌Code)" деректемесі толтырылмауы тиіс

B.053.00036



егер "Шифрланған деректер форматының коды (casdo:‌Encryption‌Format‌Code)" толтырылған болса, онда "Шифрланған деректер форматының коды (casdo:‌Encryption‌Format‌Code)" деректемесі шифрланған деректерді ұсыну форматының кодтық белгіленімін қамтуы тиіс

7.7.10. Жүктеу белгісі
(casdo:‌Loading‌Indicator)

1

B.053.00027



"Жүктеу белгісі (casdo:‌Loading‌Indicator)" деректемесі мына мәндердің 1-ін қамтуы тиіс:
0 – файл навигациялық пломбаға жүктелмеген;
1 – файл навигациялық пломбаға жүктелген

7.7.11. Сипаттамасы
(csdo:‌Description‌Text)

0..1

B.053.00028



егер "Жүктеу белгісі (casdo:‌Loading‌Indicator)" деректемесі "0" мәнін қамтитын болса, ондла "Сипаттамасы (csdo:‌Description‌Text)" деректемесі толтырылған болуы тиіс, әйтпесе "Сипаттамасы (csdo:‌Description‌Text)" деректемесі толтырылуы тиіс

      ________________

      * Күрделі деректемеге енетін енгізілген деректемелер үшін осы күрделі деректеме толтырылған жағдайда қолданылады. Қарапайым деректеменің атрибуттары үшін осы қарапайым деректеме толтырылған жағдайда қолданылады.

      "Ереженің сипаттамасы" графасында атаулары көрсетілген деректемелерге қатысты қолданылады. Деректеме атауына қосымша:

      оған арнап ереже келтірілген деректемені (кестенің осы жолында орналасқан);

      оған арнап ереже келтірілген күрделі деректемеге енетін енгізілген деректемені;

      құжат құрылымы иерархиясының осы деңгейінде орналасқан деректемені;

      құжат құрылымындағы бірегей деректемені;

      құрамына оған арнап ережеле келтірілген деректеме енетін күрделі деректеменің құрамындағы бірегей деректемені қоспағанда құжат құрылымының иерархиясында оның орналасу жолы көрсетіледі.

      Толтырудың бірегейлігін талап ететін қайталанатын деректеме үшін деректеме бірегей болып табылатын шектерде облыс көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады