Транзитті декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 104 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімімен бекітілген Транзиттік декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 18 шілдедегі
№ 104 шешіміне
ҚОСЫМША

Транзиттік декларацияны толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі келу орнындағы кеден органынан Қазақстан Республикасы аумағынан кету орнындағы кеден органына шетелдік тауарларды әуе көлігімен тасу (тасымалдау) кезінде.".

      2. 30-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы аумағы шегінде осындай тауарларды келу орнынан Қазақстан Республикасы аумағынан олардың кету орнына дейін әуе көлігімен тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын және оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылмайтын шетелдік тауарларды Қазақстан Республикасында кедендік декларациялаған жағдайда тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды көрсетілмейді.".

      3. 34-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі келу орнындағы кеден органынан Қазақстан Республикасы аумағынан кету орнындағы кеден органына шетелдік тауарларды әуе көлігімен тасу (тасымалдау) кезінде.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады