Транзитті декларацияның құрылымы мен форматының 10-кестесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 105 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 74 шешімімен бекітілген транзиттік декларацияның құрылымы мен форматының 10-кестесіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 18 шілдедегі
№ 105 шешіміне
ҚОСЫМША

Транзиттік декларацияның құрылымы мен форматының 10-кестесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      21.12.2-позицияда:

      а) 6-графада "KZ" елдің коды алып тасталсын;

      б) толықтырылсын:

      4-графада – "B.048.00562" ереже кодымен;

      5-графада – "2" ереже түрімен;

      6-графада – "KZ" елдің кодымен;

      7-графада – мынадай мазмұндағы ереже сипаттамасымен:

      "егер "Транзиттік декларацияда декларацияланатын тауарлардың тағайындалған коды (casdo: Transit Feature Code)" деректемесі мына мәндердің 1-ін қамтитын: "ХПЖ", "ӘЧ" немесе "Тауарларды өткізу түрінің коды (casdo: Transit Procedure Code)" деректемесі "ТР" мәнін қамтитын, "Көлік құралы (cacdo: Transport Means Item Details)" деректемесі данасының құрамындағы "Көлік түрінің коды (csdo: Unified Transport Mode Code)" деректемесі "40" мәнін қамтитын, "Тауардың тыйымдар мен шектеулер қолданудан азат болуы белгісі (casdo: Goods Prohibition Free Code)" деректемесі "С" мәнін қамтитын және "Кеден органы және межелі пункт (cacdo: Transit Destination Details)" деректемесінің құрамындағы "Кеден органының коды (csdo: Customs Office Code)" деректемесінің мәні "398" мәнінен басталатын болса, онда "Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (csdo: Commodity Code)" деректемесі толтырылмауы тиіс, олай болмаса "Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (csdo: Commodity Code)" деректемесі толтырылған болуы тиіс".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады