Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 112 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы16 қазандағы № 160 шешімімен бекітілген Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібінің 38-тармағы жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер коммерциялық және өзге де құжаттарда шетелдік валютада көрсетілген осы шаманы тиісті төлем осы мүше мемлекеттің валютасындағы тауарларға декларация берілгенге дейін жүзеге асырылуына байланысты кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілмесе, 13 – 23-бағандарда көрсетілуге жататын шамалар құрамынан шаманы қайта есептеу туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады