Карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 17 қазандағы № 150 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 30-тармағына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 3-қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169-шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 38-шешімімен бекітілген карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасы төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 150-шешіміне
ҚОСЫМША

Карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жалпы процестерді іске асыру қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 2-тармақтың төртінші абзацы "сондай-ақ, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту мәселелеріне қатысты одақ органдарының актілерімен және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану саласындағы одақ құқығына кіретін басқа да актілермен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 4-тармақта:

      а) "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) уәкілетті органдар арасында мынадай мәліметтермен жедел алмасуды қамтамасыз ету:

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № 43-шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін (бұдан әрі – бақылану тәртібі) (бар болса) және мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партиялары туралы, берілген (оның ішінде ауыстыруға) және алынған (өтелген) фитосанитарлық сертификаттар туралы ақпаратты, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын бақылану тәртібіне сәйкес ақпаратты қоса алғанда, осындай өнім партияларының межелі жерге келуі туралы;

      карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) актілері туралы ақпаратты қоса алғанда, одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін карантинге жатқызылған өнім партиялары туралы, егер мұндай партиялардың келу орны бір мүше мемлекеттің аумағында, ал кедендік ресімдеудің аяқталу орны басқа мүше мемлекеттің аумағында болған жағдайда, мұндай өнім партияларының жеткізу орнына келуі туралы, сондай-ақ электрондық түрде берілген фитосанитарлық сертификаттар туралы ақпаратты және бақылану тәртібіне сәйкес ақпаратты (бар болса);

      мүше мемлекеттердің аумақтары арасында карантинге жатқызылған өнім партиясын өткізу кезінде межелі жер мемлекетінің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша (фитосанитарлық сертификаттың деректемелерін көрсете отырып) фитосанитарлық сертификат беру (бермеу) фактісі туралы;

      карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде мынадай табылған бұзушылықтар туралы:

      карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде ұсынылған фитосанитарлық сертификатты жалған немесе жарамсыз деп тану;

      карантинге жатқызылған өнім партиясының карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкестігін растамайтын фитосанитарлық сертификатты тану;

      тағайындалған мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамын хабардар етпеу немесе карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру үшін осы адамға карантинге жатқызылған өнімді ұсынбау;

      карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірінің және карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясына қатысты қалыптастырылған ақпараттың сәйкестендіру құралдарының (бар болса) сәйкес келмеуі";

      б) "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "в) уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша мынадай мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету:

      Одақтың кедендік аумағынан басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы үшінші елдерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнім партияларына уәкілетті органдар берген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы;

      мүше мемлекеттердің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партияларына уәкілетті органдар берген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы;

      одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкелінетін карантинге жатқызылған өнім партияларына электрондық түрде үшінші елдердің уәкілетті органдары берген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы".

      3. 8-тармақта:

      а) "г" тармақшасы "берілген" деген сөзден кейін "(оның ішінде ауыстыруға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) "д" тармақшасындағы "бесінші жетінші" деген сөздер "алтыншы – тоғызыншы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы "л" – "о" тармақшаларымен толықтырылсын:

      "л) уәкілетті органға сұрау салу бойынша басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партияларына берілген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну;

      м) уәкілетті органға сұрау салу бойынша одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкелінетін карантинге жатқызылған өнім партияларына электрондық түрде ресімделіп, алынған (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитариялық сертификаттар туралы мәліметтерді ұсыну;

      н) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына қадағалануға жататын карантинге жатқызылған өнім партияларының сәйкестендіру нөмірлері, осындай өнім партияларының межелі жерге келуі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін және бақылану тәртібіне сәйкес қадағалауға жататын карантинге жатқызылған өнім партиялары туралы мәліметтерді ұсыну;

      о) басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына қадағалауға жататын карантинге жатқызылған өнім партияларының сәйкестендіру нөмірлері, осындай өнім партияларының жеткізу орнына келуі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және бақылану тәртібіне сәйкес қадағалануға жататын карантинге жатқызылған өнім партиялары туралы мәліметтерді ұсыну".

      4. Көрсетілген Қағидаларға № 1-қосымшада 1-сурет мынадай редакцияда жазылсын:



      1-сурет. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау тәртібіне сәйкес ақпаратты және фитосанитарлық сертификат туралы ақпаратты қоса алғанда, карантинге жатқызылған өнім партиясы туралы мәліметтер алмасудың функционалдық схемасы".

      5. Көрсетілген Қағидаларға № 2-қосымшада:

      а) 3-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Таблица 3

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін (бар болса) фитосанитариялық сертификат туралы ақпаратты және карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар)партияларын қадағалау тәртібіне сәйкес ақпаратты қоса алғанда, мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партиясы туралы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында берілетін мәліметтер құрамы (оның ішінде сұрау салуға жауап беру кезінде)

Элемент атауы

Элемент сипаттамасы

Ескерту

Мн.

1. Карантинге жатқызылған өнім партиясының сипаттамасы

карантинге жатқызылған өнім партиясы туралы ақпарат


1

1.1. Карантинге жатқызылған өнім саны

партиядағы карантинге жатқызылған өнімнің саны


0..1

1.2. Экспорттаушы

экспорттаушы туралы ақпарат

элемент тіркеу елін, экспорттаушының атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын, идентификаторын, мекенжайын және экспорттаушының байланыс деректемелерін көрсетуге арналған

1

1.3. Алушы

алушы туралы ақпарат

элемент тіркеу елін, алушының атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын, идентификаторын, мекенжайын және алушының байланыс деректемелерін көрсетуге арналған

1

1.4. Мәлімделген әкелу пункті

мәлімделген әкелу пункті туралы ақпарат


0..1

1.5. Айырым белгілері (таңбалау)

карантинге жатқызылған өнім партиясының айырым белгілері (таңбалануы) туралы ақпарат


0..*

1.6. Мәлімделген тасымалдау әдісі

карантинге жатқызылған өнім партиясын тасымалдау туралы ақпарат

тасымалдау әдісі туралы ақпарат көрсетіледі

1

1.7. Залалсыздандыру

карантинге жатқызылған өнім партиясын залалсыздандыру туралы ақпарат

элемент карантинге жатқызылған өнім партиясын өңдеу күні, тәсілі, қолданылатын химиялық заттар, олардың концентрациясы, дозасы, өңдеу уақыты мен температурасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді өңдеу туралы қосымша ақпаратты көрсетуге арналған

0..*

2. Карантинге жатқызылған өнім партиясының бірлігі туралы мәліметтер

карантинге жатқызылған өнім партиясының бірлігі туралы ақпарат

элемент карантинге жатқызылған өнім партиясының бірлігін егжей-тегжейлі сипаттауға арналған

1..*

2.1. Карантинге жатқызылған өнімнің саны (партия бірлігі)

карантинге жатқызылған өнімнің саны (партия бірлігі)


1

2.2. Карантинге жатқызылған өнімнің атауы

карантинге жатқызылған өнімнің атауы


1

2.3. Өсімдіктің ботаникалық атауы

өсімдіктің ботаникалық атауы

өсімдіктің ботаникалық атауы латын тілінде көрсетілген

0..1

2.4. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың (тауарлар тобының) кодтық белгіленуі

4 таңбадан кем емес егжей-тегжейлі код көрсетіледі

0..1

2.5. Карантинге жатқызылған өнімнің қаптамасы туралы мәліметтер

орындар саны және карантинге жатқызылған өнімнің қаптамасының сипаттамасы туралы ақпарат

элементтерді орау түрі, таңбалау және орындар саны туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

1..*

2.6. Карантинге жатқызылған өнімнің шығарылған орны

карантинге жатқызылған өнімнің шығарылған орны

элемент карантинге жатқызылған өнімді шығарған ел, аймақ, аудан, қала (елді мекен) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған
 

1

3. Фитосанитарлық сертификат

фитосанитарлық сертификат (ауыстыруға берілген фитосанитарлық сертификат) туралы ақпарат


1..*

3.1. Құжат нөмірі

фитосанитарлық сертификат нөмірі


1

3.2. Құжаттың берілген күні

фитосанитарлық сертификаттың берілген күні


1

3.3. Құжат бланкісінің нөмірі

дайындау кезінде құжаттың бланкісіне берілген нөмір


0..1

3.4. Фитосанитарлық сертификаттың қолданылу мерзімі

фитосанитарлық сертификаттың қолданылу мерзімі


0..1

3.5. Ауыстыруға берілген сертификаттың белгісі

ауыстыруға берілген сертификатты анықтайтын белгі

элементтің мүмкін мәндері:
1-ауыстыруға берілген сертификат;
0-ауыстыруға берілмеген сертификат

0..1

3.6. Фитосанитарлық сертификаттың орнына берілетін жаңа фитосанитарлық сертификат туралы мәліметтер

Фитосанитарлық сертификаттың орнына берілетін жаңа фитосанитарлық сертификат туралы ақпарат

элемент, фитосанитарлық сертификаттың орнына берілетін жаңа фитосанитарлық сертификатының нөмірі мен берілген күнін көрсетуге арналған

0..1

3.7. Құжатты берген өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі ұйым (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі))

мүше мемлекет үшін фитосанитарлық сертификат берген ұйым, мүше мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) ретінде көрсетіледі

элемент фитосанитариялық сертификат берген ұйым туралы мәліметтерді көрсетуге арналған, мүше мемлекет үшін мүше мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) көрсетіледі

1

3.8. Фитосанитарлық сертификат берілген ел

карантинге жатқызылған өнім партиясының экспорттаушы елі туралы ақпарат


1

3.9. Фитосанитарлық сертификатты беру орны

фитосанитарлық сертификатты беру орны туралы ақпарат

элемент ел, аудан, қала, елді мекен туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

0..1

3.10. Жеткізілетін ел

карантинге жатқызылған өнім партиясын импорттаушы ел туралы ақпарат


1

3.11. Межелі мемлекеттің өсімдіктерін карантин және қорғау жөніндегі ұйым (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі))

межелі мемлекеттің уәкілетті органының уәкілетті органы немесе аумақтық бөлімшесі

элемент тағайындалған мемлекеттің уәкілетті органының уәкілетті органы немесе аумақтық бөлімшесі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

0..1

3.12. Лауазымды тұлға

өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасы туралы ақпарат

элемент өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасының Т. А. Ә. және лауазымы туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

1

3.13. Қосымша декларация

қосымша декларация

қосымша декларацияның мәтіндік сипаттамасы

0..1

3.14. Фитосанитарлық сертификатқа қосымша

фитосанитарлық сертификатқа қоса берілген құжат туралы ақпарат

элемент қоса берілген құжаттың нөмірі, түрі, атауы, берілген күні туралы мәліметтерді көрсетуге арналған (құжаттың PDF және (немесе) XML форматындағы мәтіні қоса беріліп (қажет болған жағдайда))

0..*

4. Қадағалау туралы мәліметтер



0..1

4.1. Партияның сәйкестендіру нөмірі

карантинге жатқызылған өнім партиясына берілген нөмір Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау тәртібіне сәйкес

мүше мемлекеттің уәкілетті органы оған қатысты қосымша мәліметтерді сұрата алатын партияның нөмірі

1

4.2. Карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясы қалыптастырылған партиялардың сәйкестендіру нөмірлері



0..*

4.3. Карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясы бөлінгеннен кейін құрылған сәйкестендіру нөмірлері



0..*

4.4. Көлік (тасымалдау) құжатын жасау күні мен нөмірі



0..1

4.5. Карантинге жатқызылған өнім партиясының Одақтың кедендік аумағына келген жері кеден органының коды


әкелінетін карантинге жатқызылған өнім үшін

0..1

4.6. Көлік құралының нөмірі

көлік құралының нөмірі туралы ақпарат


0..1

4.7. Карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) нәтижелері туралы мәліметтер

карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) актісінің және карантиндік фитосанитарлық сараптама қорытындысының нөмірі (бар болса)


0..1

4.8. Карантинге жатқызылған өнім партиясын өндіруші

карантинге жатқызылған өнім партиясын өндірушінің атауы туралы ақпарат (үшінші елдер үшін) (бар болса)

үшінші елдер үшін

0..1
 

      ";

      б) мынадай мазмұндағы 31-кестесімен толықтырылсын:

      "31-кесте

Фитосанитарлық сертификат туралы ақпаратты және карантинге жатқызылған өнім партияларын қадағалау тәртібіне сәйкес ақпаратты қоса алғанда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында (оның ішінде сұрау салуға жауап беру кезінде) Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін немесе Одақтың кедендік аумағынан үшінші елдерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнім партиясы туралы берілетін мәліметтердің құрамы (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін (бар болса)

Элемент атауы

Элемент сипаттамасы

Ескерту

Мн.

1. Карантинге жатқызылған өнім партиясының сипаттамасы

карантинге жатқызылған өнім партиясы туралы ақпарат


1

1.1. Карантинге жатқызылған өнім саны

партиядағы карантинге жатқызылған өнімнің саны


0..1

1.2. Экспорттаушы

экспорттаушы туралы ақпарат

элемент тіркеу елін, экспорттаушының атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын, идентификаторын, мекенжайын және экспорттаушының байланыс деректемелерін көрсетуге арналған

1

1.3. Алушы

алушы туралы ақпарат

элемент тіркеу елін, алушының атауын, ұйымдық-құқықтық нысанын, идентификаторын, мекенжайын және алушының байланыс деректемелерін көрсетуге арналған

1

1.4. Мәлімделген әкелу пункті

мәлімделген әкелу пункті туралы ақпарат


0..1

1.5. Айырым белгілері (таңбалау)

карантинге жатқызылған өнім партиясының айырым белгілері (таңбалануы) туралы ақпарат


0..*

1.6. Мәлімделген тасымалдау әдісі

карантинге жатқызылған өнім партиясын тасымалдау туралы ақпарат

тасымалдау тәсілі туралы ақпарат көрсетіледі

1

1.7. Зарарсыздандыру

карантинге жатқызылған өнім партиясын зарарсыздандыру туралы ақпарат

элемент карантинге жатқызылған өнім партиясын өңдеу күні, тәсілі, қолданылатын химиялық заттар, олардың концентрациясы, дозасы, өңдеу уақыты мен температурасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнім партиясын өңдеу туралы қосымша ақпаратты көрсетуге арналған

0..*

2. Карантинге жатқызылған өнім партиясының бірлігі туралы мәліметтер

карантинге жатқызылған өнім партиясының бірлігі туралы ақпарат

элемент карантинге жатқызылған өнім партиясының бірлігін егжей тегжейлі сипаттауға арналған

1..*

2.1. Карантинге жатқызылған өнім саны (карантинге жатқызылған өнім партиясының бірліктері)

карантинге жатқызылған өнім саны (карантинге жатқызылған өнім партиясының бірліктері)


1

2.2. Карантинге жатқызылған өнімнің атауы

карантинге жатқызылған өнімнің атауы


1

2.3. Өсімдіктің ботаникалық атауы

өсімдіктің ботаникалық атауы

өсімдіктің ботаникалық атауы латын тілінде көрсетілген

0..1

2.4. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың (тауарлар тобының) кодтық белгіленуі

4 таңбадан кем емес егжей тегжейлі код көрсетіледі

0..1

2.5. Карантинге жатқызылған өнімнің қаптамасы туралы мәліметтер

орындар саны туралы ақпарат және карантинге жатқызылған өнімнің қаптамасының сипаттамасы

элемент орау түрі, таңбалау және орындар саны туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

1..*

2.6. Карантинге жатқызылған өнімнің шығарылған орны

карантинге жатқызылған өнімнің шығарылған орны

элемент карантинге жатқызылған өнім партиясының шыққан елі, өңірі, ауданы, қаласы (елді мекені) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

1

3. Фитосанитарлық сертификат

фитосанитарлық сертификат (ауыстыруға берілген фитосанитарлық сертификат) туралы ақпарат


1..*

3.1. Құжат нөмірі

фитосанитарлық сертификат нөмірі


1

3.2. Құжаттың берілген күні

фитосанитарлық сертификаттың берілген күні


1

3.3. Құжат бланкісінің нөмірі

дайындау кезінде құжаттың бланкісіне берілген нөмір


0..1

3.4. Фитосанитарлық сертификаттың қолданылу мерзімі

фитосанитарлық сертификаттың қолданылу мерзімі


0..1

3.5. Ауыстыруға берілген сертификаттың белгісі

ауыстыруға берілген сертификатты анықтайтын белгі

элементтің мүмкін мәндері:
1-ауыстыруға берілген сертификат;
0-ауыстыруға берілмеген сертификат

0..1

3.6. Оның орнына жаңа фитосанитарлық сертификат берілетін фитосанитарлық сертификат туралы мәліметтер

оның орнына жаңа фитосанитарлық сертификат берілетін фитосанитарлық сертификат туралы ақпарат

элемент фитосанитарлық сертификаттың нөмірі мен күнін көрсетуге арналған, оның орнына жаңа фитосанитарлық сертификат беріледі

0..1

3.7. Құжатты берген өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұйым (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі))

фитосанитарлық сертификат берген ұйым, мүше мемлекет үшін мүше мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) көрсетіледі

элемент фитосанитарлық сертификат берген ұйым туралы мәліметтерді көрсетуге арналған, мүше мемлекет үшін мүше мемлекеттің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органы (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі) көрсетіледі

1

3.8. Фитосанитарлық сертификатты берген ел

карантинге жатқызылған өнім партиясының экспорттаушы елі туралы ақпарат


1

3.9. Фитосанитарлық сертификатты беру орны

фитосанитарлық сертификатты беру орны туралы ақпарат

элемент ел, аудан, қала, елді мекен туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

0..1

3.10. Тауардың жеткізілетін елі

карантинге жатқызылған өнім партиясын импорттаушы ел туралы ақпарат


1

3.11. Межелі мемлекеттің өсімдіктерін карантин және қорғау жөніндегі ұйым (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі))

межелі мемлекеттің уәкілетті органының уәкілетті органы немесе аумақтық бөлімшесі

элемент тағайындалған мемлекеттің уәкілетті органының уәкілетті органы немесе аумақтық бөлімшесі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

0..1

3.12. Лауазымды тұлға

өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасы туралы ақпарат

элемент өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасының Т. А. Ә. және лауазымы туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

1

3.13. Қосымша декларация

қосымша декларация

қосымша декларацияның мәтіндік сипаттамасы

0..1

3.14. Фитосанитарлық сертификатқа қосымша

фитосанитарлық сертификатқа қоса берілген құжат туралы ақпарат

элемент қоса берілген құжаттың нөмірі, түрі, атауы, берілген күні туралы мәліметтерді көрсетуге арналған (PDF және (немесе) XML форматындағы құжат мәтінінің қосымшасымен (қажет болған жағдайда))

0..*

4. Қадағалау туралы мәліметтер



0..1

4.1. Карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірі

карантинге жатқызылған өнім партиясына берілген нөмір Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өткізілетін карантинге жатқызылған өнімдер (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау тәртібіне сәйкес

мүше мемлекеттің уәкілетті органы оған қатысты қосымша мәліметтерді сұрата алатын партияның нөмірі

1

4.2. Карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясы қалыптастырылған партиялардың сәйкестендіру нөмірлері



0..*

4.3. Карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясы бөлінгеннен кейін құрылған сәйкестендіру нөмірлері



0..*

4.4. Көлік (тасымалдау) құжатын жасау күні мен нөмірі



0..1

4.5. Карантинге жатқызылған өнім партиясының Одақтың кедендік аумағына келген жері кеден органының коды


әкелінетін карантинге жатқызылған өнім үшін

0..1

4.6. Көлік құралының нөмірі

көлік құралының нөмірі туралы ақпарат


0..1

4.7. Карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) нәтижелері туралы мәліметтер

карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) актісінің және карантиндік фитосанитарлық сараптама қорытындысының нөмірі (бар болса)


0..1

4.8. Карантинге жатқызылған өнім партиясын өндіруші

карантинге жатқызылған өнім партиясын өндірушінің атауы туралы ақпарат (үшінші елдер үшін) (бар болса)

үшінші елдер үшін

0..1

      ";

      в) 4-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-кесте

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша (бар болса) өткізілетін карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) партияларын қадағалау тәртібіне сәйкес және одақтың кедендік аумағынан басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы үшінші елдерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнім партияларына берілген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы, мүше мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін карантинге жатқызылған өнім партияларына берілген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы, басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағынан үшінші елдерге әкетілетін, басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін карантинге жатқызылған өнім партияларына электрондық түрде берілген (оның ішінде ауыстыруға) фитосанитарлық сертификаттар туралы ақпаратты қоса алғанда, карантинге жатқызылған өнімнің партиялары туралы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрау салуында берілетін мәліметтер құрамы

Элемент атауы

Элемент сипаттамасы

Ескерту

Мн.

1. Фитосанитарлық сертификат нөмірі

фитосанитарлық сертификат нөмірі

карантинге жатқызылған өнім партияларын бақылауға мүмкіндік беретін бірегей сәйкестендіру нөмірі

0..1

2. Партияның сәйкестендіру нөмірі



0..1

3. Құжаттың берілген күні

фитосанитарлық сертификаттың берілген күні


0..1

4. Құжатты берген ел

фитосанитарлық сертификатты ұсынған ел


0..1

      ";

      г) 5-кесте алынып тасталсын;

      д) 6-кестеде үшінші бағандағы 1-позиция мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "5 – карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірінің және карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясына қатысты қалыптастырылған ақпараттың сәйкестендіру құралдарының (бар болса) сәйкес келмеуі";

      е) 7-кестеде үшінші бағандағы 5-позиция мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "5 – карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірінің және карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясына қатысты қалыптастырылған ақпараттың сәйкестендіру құралдарының (бар болса) сәйкес келмеуі";

      ж) 8-кестеде үшінші бағандағы 4.3-позиция мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "5 – карантинге жатқызылған өнім партиясының сәйкестендіру нөмірінің және карантинге жатқызылған өнімнің осы партиясына қатысты қалыптастырылған ақпараттың сәйкестендіру құралдарының (бар болса) сәйкес келмеуі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады