Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 174 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне тіркелген қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 174 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышында (2-қосымша) 203, 204, 18Х, 180, 201 және 202 кодтары бар позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"201

Күрделі қаржы жұмсалымдарын қорғау және көтермелеу туралы келісім шеңберінде өткізілетін тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)

202

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы үкіметаралық шарттарға сәйкес өткізілетін тауарлар (Ресей Федерациясы үшін)

203

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы қаптаманы, көлік қаптама жинақтарын және оларға арналған құрылғыларды қоса алғанда, олар туралы мәліметтер көлік қаптама жинақтарын құрастыруға және (немесе) тасымалдауға арналған сертификат-рұқсаттарда көрсетілген, бөлінетін және радиоактивті материалдарды, бөлінетін және радиоактивті материалдарды тасымалдауға, сақтауға, пайдалануға, өлшеуге және өндіруге арналған жабдықтар мен жиынтықтауыштарды, бөлінетін және радиоактивті материалдарды өндіру процесінде түзілетін қоқыстар мен қалдықтарды бір жеткізу шеңберінде осындай материалдармен бірлесіп жеткізуге арналған келісімшартқа (шартқа, келісімге) сәйкес өткізілетін тауарлар, және құжаттама (Ресей Федерациясы үшін)

204

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы қаптаманы, көлік қаптама жинақтарын және оларға арналған құрылғыларды қоса алғанда, осындай материалдардан бөлек радиоактивті материалдарды, олар туралы мәліметтер көлік буып-түю жинақтарын құрастыруға және (немесе) тасымалдауға арналған сертификат-рұқсаттарда көрсетілген, тасымалдауға, сақтауға, пайдалануға, өлшеуге арналған жабдықтар мен жиынтықтауыштарды және бөлінетін өндірістер және радиоактивті материалдарды, өндіру процесінде бөлініп пайда болатын қоқыстар мен қалдықтарды, және радиоактивті материалдарды, бөлінетін тауарларды жеткізуге арналған келісімшарт (шарт, келісім) шеңберінде өткізілетін тауарлар және құжаттама (Ресей Федерациясы үшін)

205

14 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға арналған тауарлар, егер тауарлар қозғалыстың өзге де ерекшеліктеріне жататын жағдайларды қоспағанда (Ресей Федерациясы үшін)

18Х

Армения Республикасында біржақты тәртіппен енгізілген тауарларды өткізудің өзге де ерекшеліктері

180

Қаржылық жалдау (лизинг) шарты бойынша өткізілетін тауарлар (Армения Республикасы үшін)".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады