2014 жылғы 15 тамыздағы көлік құралының төлқұжатының (көлік құралының шассиінің төлқұжатының) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің төлқұжатының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық төлқұжаттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына және 4-бабының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №188 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің төлқұжаттарын (электрондық паспорттарын) рәсімдеуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібінің 5-тармағының "г" тармақшасында және 7-тармағының "в" тармақшасындағы "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық төлқұжаттарының (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) жүйелерінің және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық төлқұжаттарының жұмыс істеу тәртібінің 21-тармағының "а" тармақшасының екінші абзацындағы "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.".