Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес флекситанкты жіктеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 33 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1 тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. Сұйық қауіпті емес жүктерді тасымалдауға арналған, бірнеше қабаттардан тұратын (сыртқы қабығы полипропилен мата, ішкі қабаты дәнекерленген полиэтилен пленкасының бірнеше қабатынан тұрады), төгу-құю және ауа ағызу арматурасымен жабдықталған икемді сыйымдылық түріндегі бір реттік бұйым болып табылатын Флекситанк, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес 1 және 3 (б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 3923 тауар позициясында жіктеледі.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады