Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 121 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңесі туралы Ережеге қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 38 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңесі туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 5-тармақтағы "комиссия Алқасының Төрағасы" деген сөздер алып тасталсын.
2. 8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Консультативтік кеңестің төрағасы болып табылады.".
3. 10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Консультативтік кеңес төрағасының орынбасары Іскерлік кеңес төралқасының төрағасы болып табылады. Консультативтік кеңестің төрағасы болмаған жағдайда осы Ереженің 9-тармағында көзделген консультативтік кеңес төрағасының функцияларын оның орынбасары орындайды.".
4. 11-тармақтағы "Алқа Төрағасы Хатшылығының басшысы" деген сөздер "кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 15-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
6. 16-тармақтағы "қамтамасыз ету жөніндегі жиынтық-талдамалық функциялар" деген сөздер "қамтамасыз ету" деген сөзбен ауыстырылсын.