Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес лицензияны қағаз жеткізгіште жіктеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 56 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22 бабы 1 тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Бағдарламалық жасақтаманы сәйкестендіру, оны белсендіру немесе жаңарту, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы сервистік қолдау үшін қажетті әріптердің, сандардың, таңбалардың бірегей жиынтығы түріндегі тіркеу кілті туралы қағазға басылған ақпаратты немесе тіркеу кілтін жасау үшін әрекеттер тізбегі туралы ақпаратты қамтитын қағаз тасығыштағы Лицензия, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережесіне сәйкес 1 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 4901 тауар позициясында жіктеледі.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады