Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 431-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 тамыздағы № 101 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 186 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің нысаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 186 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|
(Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 тамыздағы № 101 шешімі редакциясында) |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің НЫСАНЫ
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімі
Кеден органы заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) берген ел1 | Куәлік туралы мәліметтер | ||||
заңды тұлғаның тізілімге енгізілген күні 2 | куәліктің нөмірі | куәліктің типі 3 | куәліктің күшіне ену күні 4 | куәлік қолданысының мәртебесі 5 | |
ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Уәкілетті экономикалық оператор (заңды тұлға) және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдары) туралы мәліметтер | |||||
толық атауы | қысқартылған атауы6 | салық нөмірі7 | орналасқан жері | іс жүзіндегі мекенжайы 8 | филиал белгісі9 |
ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ | ЖМ |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланатын құрылыстары, үй-жайлары (үй-жайларының бөліктері) және (немесе) ашық алаңдары (бұдан әрі – сақтау орындары) туралы мәліметтер10 | ||||||
сақтау орнының атауы | сақтау орнының іс жүзіндегі мекенжайы |
сақтау орнының алаңы 11 | сақтау орнын пайдалану негіздемесі | |||
пайдалану негіздемесінің коды 12 | пайдалану негіздемесі болып табылатын құжаттың нөмірі және берілген күні | пайдалану құқығының басталу күні | пайдалану құқығының аяқталу күні | |||
ЖМ | ЖМ | ЖМ | ||||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Сақтау орындарын бақылау жүктелген кеден органдары туралы мәліметтер | Міндеттерді орындаудың қамтамасыз етілуі (бұдан әрі – қамтамасыз ету) туралы мәліметтер 13 | ||||||
қызметінің өңірінде сақтау орны тіркелген кеден органының коды | кедендік бақылау аймағының нөмірі не оның құрылғанын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні | кедендік бақылау аймағының құрылған күні | кедендік бақылау аймағының таратылған күні | қамтамасыз ету тәсілі | қамтамасыз ету құжатының нөмірі және берілген күні | қамтамасыз ету құжатының қолданысының басталған күні | қамтамасыз ету құжатының қолданысының аяқталған күні |
ЖМ | ЖМ | ||||||
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Куәліктің қолданысының тоқтатыла тұруы және қалпына келтірілуі туралы мәліметтер | Тізілімнен шығару туралы мәліметтер | ||||
куәліктің қолданысының тоқтатыла тұруы туралы құжаттың нөмірі және берілген күні | куәліктің қолданысының тоқтатыла тұрған күні 14 | куәліктің қолданысының қалпына келтірілгені туралы құжаттың нөмірі және берілген күні | куәліктің қолданысының қалпына келтірілген күні | тізілімнен шығару туралы құжаттың нөмірі және берілген күні | тізілімнен шығарылған күн |
ЖМ | |||||
28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 |
______________________________
1 Әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің коды (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне № 22 қосымша).
2 Куәлік мәртебесі өзгерген кезде өзгеріссіз қалады.
3 Мыналардың маңызы бар:
1 – бірінші типтегі куәлік;
2 – екінші типтегі куәлік;
3 – үшінші типтегі куәлік.
4 Куәлік мәртебесі өзгерген кезде өзгеріссіз қалады және Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 432 бабының 6 тармағына сәйкес айқындалады.
5 Мыналардың маңызы бар:
02 – қолданылады;
03 – тоқтатыла тұррды;
04 – қалпына келтірілді және қолданылады;
05 – қолданылмайды.
6 Уәкілетті экономикалық оператордың (заңды тұлғаның) қысқартылған атауы болған кезде толтырылады.
7 Мыналардың маңызы бар:
СЕН – салық төлеушінің есептік нөмірі (Армения Республикасы үшін);
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі (Беларусь Республикасы үшін);
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасы үшін);
ЖСН – сәйкестендіру салық нөмірі (Қырғыз Республикасы үшін);
ССН / ЕҚК – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі / есепке алу себебінің коды (Ресей Федерациясы үшін).
8 Беларусь Республикасында, сондай-ақ нақты мекенжайы уәкілетті экономикалық оператордың (заңды тұлғаның) орналасқан жеріне сәйкес келген кезде толтырылмайды .
9 Уәкілетті экономикалық операторды (заңды тұлғаны) оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде (филиалдарында) 1-ден басталатын натуралдық қатар сандарынан тұратын мәндері бар белгілердің болуы бойынша олардан "0" белгісінің болуы бойынша ерекшелеуге арналған.
10 Заңды тұлға бірінші үлгідегі куәлік беріле отырып тізілімге енгізілген жағдайда толтырылмауы мүмкін.
11 Сақтау орнының ауданының мәні үтірден кейінгі екі белгіні қоса алғанда, он таңбалы оң сан ретінде көрсетіледі.
12 Мыналардың маңызы бар:
01– меншікте;
02 – жалға алынған;
03 – шаруашылық жүргізуде;
04 – жедел басқаруда.
13 Заңды тұлға екінші типті (тауарлар өндіру және (немесе) тауарларды экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қаржылық тұрақтылығы белгіленген мәндерге сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды қоспағанда) және үшінші типті куәліктер беріле отырып тізілімге енгізілген жағдайда толтырылмайды.
14 Куәліктің қолданысы қайта басталған кезде оның қолданылуын тоқтата тұру күні туралы мәліметтер "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ресми сайтында орналастырылмайды.
Ескертпе. "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі кеден органының ресми сайтында орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторларының тізілімі көрсетілген тізілімнен шығарылған заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қоспағанда, "ЖМ" (жария мәліметтер) белгісі бар мәліметтерді қамтиды.".
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 187 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібінде:
а) 6-тармақта:
"а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізіліміне енгізу - мәліметтер мүше мемлекеттің тізіліміне осындай мәліметтер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылады;";
"б", "в" және "г" тармақшаларындағы "кешіктірілмей" деген сөздер "аспайтын мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы "д" және "е" тармақшаларымен толықтырылсын:
"д) мүше мемлекеттің тізіліміне енгізу кезінде заңды тұлға мәлімдеген мәліметтерді өзгерту - мәліметтер мүше мемлекеттің тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылады;
е) уәкілетті экономикалық операторды мүше мемлекеттің тізілімінен шығару туралы мүше мемлекеттің кеден органының шешімінің күшін жою соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде - мәліметтер уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің мәртебесі туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүше мемлекеттің тізіліміне ұсынылады.";
б) 8-тармақтағы "ақпараттық порталда жалпы тізілімді жариялау" деген сөздер "жалпы тізілімді ресми сайтқа орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Уәкілетті экономикалық операторлар (заңды тұлғалар) туралы мәліметтерді қамтитын жалпы тізілім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылуға жатады, оларды мүше мемлекеттің тізіліміне енгізу туралы куәліктердің мынадай мәртебелері болады:
а) "қолданылады";
б) "тоқтатыла тұррды";
в) "қалпына келтірілді және қолданылады".".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 111 шешімімен бекітілген "Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларында:
а) 5-тармақтың "г" тармақшасындағы "ақпараттық порталда жалпы тізілімді жариялау" деген сөздер "ресми сайтта жалпы тізілімді орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 7-тармақта:
екінші абзац "уәкілетті экономикалық оператор" деген сөздерден кейін "заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізілімінен шығару туралы мүше мемлекеттің кеден органының шешімінің күшін жоюға байланысты уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің мәртебесінің өзгергені туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші – он төртінші абзацтардағы "күнтізбелік" деген сөз "жұмыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің мәртебесін өзгертуді жүзеге асырған уәкілетті орган заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізілімінен шығару туралы мүше мемлекеттің кеден органының шешімінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде Комиссияға осындай өзгерістер мүше мемлекеттің тізіліміне енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті мәліметтерді ұсынады. Бұл ретте ұсынылатын мәліметтерде куәліктің қолданылу мәртебесі "02" ("қолданылады"), ал Беларусь Республикасы үшін – "04" ("қалпына келтірілді және қолданылады") мәнімен көрсетіледі.";
в) 8-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жалпы тізілімді Одақтың ресми сайтында орналастыру;";
жетінші абзацтағы "жалпы тізілімдегі мәліметтерді жаңарту" деген сөздер "Одақтың ресми сайтындағы жалпы тізілімді жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы – он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті экономикалық операторлар (заңды тұлғалар) туралы мәліметтерді қамтитын жалпы тізілім Одақтың ресми сайтында орналастырылуға жатады, олардың куәліктері мынадай мәртебеге ие болады:
"қолданылады";
"тоқтатыла тұрды";
"қалпына келтірілді және қолданылады".";
г) 9-тармақтың мәтіні бойынша тиісті септіктегі "ақпараттық портал", "портал" деген сөздер тиісті септіктегі "ресми сайт" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) 10-тармақтағы "Одақтың ақпараттық порталында мәліметтерді жариялау" деген сөздер "Одақтың ресми сайтында орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын, "оларға" деген сөздер "оған" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 11, 13 және 15-тармақтардағы тиісті септіктегі "ақпараттық портал" деген сөздер тиісті септіктегі "ресми сайт" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) көрсетілген Қағидаларға № 1 қосымшадағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"Кесте
Жалпы процесті іске асыру шеңберінде берілетін мәліметтердің құрамы
Атауы | Сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Кеден органы заңды тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторларының тізіліміне уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу туралы куәлік берген мүше мемлекеттің коды (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттің тізілімі, куәлік) | куәлік берген елдің кодпен белгіленуі | Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдері сыныптауышына (бұдан әрі – әлем елдерінің сыныптауышы) сәйкес көрсетіледі | 1 |
2. Куәлік туралы мәліметтер | куәлік туралы мәліметтер | 1 | |
2.1. Заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізіліміне қосу күні | заңды тұлғаның мүше мемлекеттің тізіліміне қосылған күні | ЖЖЖЖ-ММ-КК (күнтізбелік жыл, ай, күн) форматында көрсетіледі, куәліктің мәртебесі өзгерген кезде өзгеріссіз қалады; | 1 |
2.2. Куәліктің нөмірі | куәліктің нөмірі |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 37 шешімімен бекітілген Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысанын толтыру тәртібінің 5-тармағына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – 1-шаблон). Бұл ретте 2-шаблонға сәйкес көрсетілген куәліктердің нөмірлерімен үйлесімділік қамтамасыз етілуге тиіс. | 1 |
2.3. Куәліктің күшіне ену күні | куәліктің күшіне енген күні | ЖЖЖЖ-ММ-КК (күнтізбелік жыл, ай, күн) форматында көрсетіледі. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 432-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады. Куәліктің мәртебесі өзгерген кезде өзгеріссіз қалады | 1 |
2.4. Куәліктің қолданылу мәртебесі | куәліктің қолданылу мәртебесінің кодпен белгіленуі |
Мыналардың маңызы бар: | 1 |
2.5. Куәліктің қолданылу мәртебесі оған сәйкес белгіленген құжат туралы мәліметтер | куәліктің қолданылуын тоқтата тұру (қалпына келтіру) туралы, заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізілімінен шығару (куәліктің қолданылуын тоқтату) туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтер | құжат түрінің коды, құжат нөмірі, оның берілген күні көрсетіледі | 0..* |
2.6. Куәліктің қолданылу мәртебесі белгіленген күн | куәліктің қолданылуын тоқтата тұру (қалпына келтіру) туралы, заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізілімінен шығару ( куәліктің қолданылуын тоқтату) туралы шешім қабылданған (күшіне енген күні – Беларусь Республикасы үшін) күні | ЖЖЖЖ-ММ-КК (күнтізбелік жыл, ай, күн) форматында көрсетіледі. Куәлік күшіне енген күннен ерте емес | 0..1 |
3. Уәкілетті экономикалық оператор және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтер | уәкілетті экономикалық оператор (заңды тұлға) және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтер | 1..* | |
3.1. Уәкілетті экономикалық оператордың толық атауы | уәкілетті экономикалық оператордың толық атауы | ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, толық атауы келтіріледі | 1 |
3.2. Уәкілетті экономикалық оператордың қысқаша атауы | уәкілетті экономикалық оператордың қысқаша атауы | уәкілетті экономикалық оператордың (заңды тұлғаның) қысқартылған атауы болған кезде толтырылады | 0..1 |
3.3. Салық нөмірі | Салық төлеуші тіркелген елдің салық төлеушілер тізіліміндегі заңды тұлғаның сәйкестендіргіші |
мыналар көрсетіледі: | 1 |
3.4. Мекенжай | уәкілетті экономикалық оператор орналасқан жердің мекенжайы (нақты мекенжайы) | мүше мемлекеттің коды, өңір, қала, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, үй-жайдың нөмірі, пошта индексі көрсетіледі. Нақты мекенжайы орналасқан жерінің мекенжайымен сәйкес келген кезде, орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі | 1..* |
3.5. Филиал белгісі | шаруашылық жүргізуші субъект филиалының (өкілдігінің) белгісі |
мыналар көрсетіледі: | 1 |
4. Сақтау орындары туралы мәліметтер | уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтау үшін пайдалануына арналған немесе пайдаланатын құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңшалар (ашық алаңшалар бөліктері) туралы мәліметтер | 0..* | |
4.1. Сақтау орнының атауы | сақтау орнының атауы | 1 | |
4.2. Сақтау орнының нақты мекенжайы | сақтау орнының нақты мекенжайы | мүше мемлекеттің коды, өңір, қала, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, үй-жайдың нөмірі, пошта индексі көрсетіле отырып, сақтау орнының нақты мекенжайы туралы мәліметтер көрсетіледі | 1 |
4.3. Сақтау орнының алаңы м2 | сақтау орнының алаңы | үтірден кейін 2 таңба болатын нақты санды он таңбадан тұратын мәні көрсетіледі | 1 |
4.4. Өлшем бірлігінің коды | сақтау орны алаңының өлшем бірлігінің коды | 1 | |
4.5. Кеден органдары туралы мәліметтер | сақтау орындарында бақылау жүктелген кеден органдары туралы мәліметтер | егер кеден органының коды көрсетілсе, 4.5.2 немесе 4.5.3 тармақшасы толтырылуы тиіс | 1..* |
4.5.1. Кеден органының коды | қызмет өңірінде сақтау орны тіркелген кеден органының коды | 1 | |
4.5.2. Кедендік бақылау аймағының нөмірі | кедендік бақылау аймағының нөмірі | 0..1 | |
4.5.3. Құжат туралы мәліметтер | кедендік бақылау аймағының құрылуын бекітетін құжат туралы мәліметтер | құжат түрінің коды, құжаттың түрі, нөмірі, құжаттың берілген күні ЖЖЖЖ-ММ-КК (күнтізбелік жыл, ай, күн) форматында көрсетіледі | 0..1 |
5. Технологиялық мәліметтер | мүше мемлекеттің тізіліміндегі жазба, оның ішінде жазбаның басталу және аяқталу күні, ақпараттық ресурсты жаңарту күні туралы технологиялық мәліметтер жиынтығы | 1 |
".