Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2199 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Заң күшi бар Жарлығын  жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы ұсыныс табыс етсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына сәйкестендiрсiн;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және ведомстволарының аталған Жарлыққа қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерiн қайта қарауын және алып тастауын қамтамасыз етсiн;
      әдiлет органдарының жүйесiнде заңды тұлғаларды тiркеу жөнiнде қызмет ұйымдастырсын;
      заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi қызметтi заңды тұлғаларды тiркеудi және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеудi жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк басқару органдарынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның жергiлiктi бөлiмшелерiне берiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады