Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 575 Өкімі

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Құқықтық саясат жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      аталған өкіммен бекітiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Құқықтық саясат жөнiндегi кеңестің дербес құрамына мыналар енгізiлсiн:

      Имашев Берiк Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, Кеңес төрағасы,

      Әлiмбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы - Алматы қалалық сотының төрағасы,

      Бәйішев Жолымбет Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы,

      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi,

      Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы,

      Баймолдина Зәуреш Хамитқызы - Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң доцентi, заң ғылымдарының кандидаты;

      мына жолдар:

"Жиреншин                - Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң
Қазбек Әбусағитұлы         проректоры",

"Айтмұхамбетов           - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Таймас Қалмұхамбетұлы      Судьялар мен сот қызметкерлерiнiң
                           бiлiктiлiгiн арттыру институтының
                           директоры",

"Сәрсембаев              - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Марат Алдоңғарұлы          университеті заң институтының
                           директоры"

тиiсiнше мынадай редакцияда жазылсын:

"Жиреншин                - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы         конституциялық құқық кафедрасының
                           меңгерушiсi",

"Айтмұхамбетов           - Қазақстан Республикасының Президентi
Таймас Қалмұхамбетұлы      жанындағы Мемлекеттік басқару
                           академиясы Сот төрелiгi институтының
                           директоры",

"Сәрсембаев              - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
Марат Алдоңғарұлы          комиссиясының Халықаралық қатынастар
                           бөлiмiнiң меңгерушiсi";

      аталған Кеңес құрамынан Б.Ә.Мұхаметжанов, Е.М.Қосубаев, О.И.Жұмабеков, Б.М.Сапарбаев, Ж.Ә.Құлекеев, З.Қ.Тұрысбеков шығарылсын;

      аталған өкiммен бекiтілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Құқықтық саясат жөнiндегi кеңес туралы ереженiң 4-тарауының алтыншы абзацындағы "Мемлекеттiк-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының сот жүйесiн одан әрi жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 524  өкiмi ;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 524 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 шiлдедегi N 568  өкiмi .

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады