Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Ресей Федерациясы Көлiк министрлiгi арасындағы Астрахань cу-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей халықаралық темiр жол-паромдық қатынасты ұйымдастыру туралы Келісім

Жаңа

Келісім, Орал қ., 2006 жылғы 3 қазан

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
мен Ресей Федерациясы Көлiк министрлiгi арасындағы Астрахань
cу-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан)
порттары арқылы тiкелей халықаралық темiр жол-паромдық
қатынасты ұйымдастыру туралы
КЕЛIСIМ

(2006 жылғы 3 қазанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2006 ж., N 6, 48-құжат, СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Ресей Федерациясы Көлiк министрлiгi,
      1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы транспорт саласындағы өзара қарым-қатынас шарттары мен ынтымақтастықтың принциптерi туралы  келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      тең құқықты әрiптестiк және өзара сыйластық қағидаттарын негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы порттарының арасында көлiк, аралас (құрама) тасымалдау және темiр жол-паромдық қатынасты ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамытудың қажеттiгiн мойындай отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тұрақты тiкелей халықаралық темiр жол-паромдық қатынасты ұйымдастыруда ынтымақтастықты жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей халықаралық темiр жол-паром қатынасын жедел басқаруды қамтамасыз ету мақсатында тепе-теңдiк негiзде Тараптар мемлекеттерiнiң темiр жол паромдары иелерiнiң, теңiз порттары билiк орындарының, темiр жол көлiгi ұйымдарының, Тараптардың өкiлдерiнен тұратын Астрахань су-көлiк торабы, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арасындағы темiр жол-паром өткелiн бiрлесiп пайдалану жөнiнде кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрады.
      Кеңестiң жұмыс тәртiбi Тараптар арасында жеке уағдаластықпен бекiтiлетiн, Астрахань су-көлiк торабы, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттарының арасындағы темiр жол-паром өткелiн бiрлесiп пайдалану жөнiндегi кеңес туралы ережемен белгiленетiн болады.

3-бап

      Паромдық кемелермен жүктердi тасымалдау Тараптар бекiтетiн Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей халықаралық темiр жол-паромдық қатынасымен жүк тасымалдау ережесiне және Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей темiр жол-паромдық қатынасында жүк вагондары мен контейнерлердi пайдалану, нөмiрi бойынша есепке алу және қолданғаны үшiн есеп айырысу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей темiр жол-паромдық қатынасымен жүк тасымалдау үшiн 1951 жылғы 1 қарашадағы Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмде көзделген үстеме қолданылады.

4-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей темiр жол-паромдық қатынасын жүзеге асыруға кедергiлер туындағаны туралы бiр-бiрiн дереу хабарландыруды қамтамасыз етедi және қажет болған жағдайда осы кедергiлердi жою мақсатында бiрлескен iс-қимылдар қабылдайды.

5-бап

      Тараптар Астрахань су-көлiк торабының, Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тiкелей халықаралық темiр жол-паромдық қатынасын тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған келiсiлген тариф саясатын жүргiзуге қолдау көрсетедi.

6-бап

      Осы келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау Тараптар арасында келiссөздер арқылы шешiледi.

7-бап

      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша хаттамалармен ресiмделедi.

8-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi, белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
      2006 жылғы 3 қазанда Орал қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады