Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Сапаны бақылау, инспекция және карантин жөнiндегi бас басқармасы арасындағы өзара жеткiзiлетiн тауарларды бақылау және қауiпсiздiгi саласында ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум, Пекин қ., 2006 жылғы 17 қараша

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мен
Қытай Халық Республикасының Сапаны бақылау, инспекция және
карантин жөнiндегi бас басқармасы арасындағы өзара
жеткiзiлетiн тауарларды бақылау және қауiпсiздiгi саласында
ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы
МЕМОРАНДУМ  <*>

(2006 жылғы 17 қарашада күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 1, 2-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Сапаны бақылау, инспекция және карантин жөнiндегi бас басқармасы
      саудада техникалық кедергiлердi болдырмау және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында экономикалық байланыстарды дамытуға көмектесу, сондай-ақ
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласында техникалық ынтымақтастықты дамытуда өзара мүдделердi ескерiп,
      және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық мүдделерiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және халықаралық сауданың жалпы қағидаттарына сәйкес 1996 жылғы 5 шiлдеде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қытай Халық Республикасы Үкiметi арасында импорт-экспорттық тауарлардың сапасын қамтамасыз ету және өзара куәлiктендiруде ынтымақтастық жөнiндегiкелiсiмдi iске асыру мақсатында кеңес беру ынтымақтастығы тетiгiн орнатуға келiседi.

2-бап

      Ынтымақтастық мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) Өзара жеткiзiлетiн тауарлар техникалық регламенттерi мен стандарттар туралы ақпаратпен алмасу;
      2) Өнiм сапасы мен қауiпсiздiгiне қатысты бақылау және қадағалау шаралары туралы ақпарат алмасу;
      3) Тараптар мемлекеттерiнiң өнiм сапасы саласындағы ұлттық стандарттарды үйлестiру және оларды жалпы қабылданған халықаралық стандарттар және нормалармен сәйкес келтiру;
      4) Зертханалық сынаулар, технологиялық зерттеулер және қызметкерлердi оқыту саласында ынтымақтастық;
      5) Тараптар мемлекеттерiнiң сауда қатынастарына әсер ететiн техникалық қиыншылықтарды шешу бойынша уақтылы ақыл-кеңес, ақпараттық қызметтер, сондай-ақ пiкiр алысу.

3-бап

      Осы келiсiм олар қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдер бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң құқықтары мен мiндеттерiне әсер етпейдi.

4-бап

      Осы келiсiм ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар:
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi;
      Қытай Халық Республикасында - Қытай Халық Республикасының Сапаны бақылау, инспекция және карантин жөнiндегi мемлекеттiк бас басқармасы болып табылады.

5-бап

      Осы келiсiмнiң 2-бабымен қарастырылған бағыттарда ынтымақтастық бiрлескен Бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Тараптар осы келiсiмнiң ережелерiн iске асыру үшiн Кеңес құруға келiстi.

6-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы келiсiмге жеке Хаттамамен рәсiмделетiн өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiле алады.
      Хаттамалар осы келiсiмдi қолданысқа енгiзу үшiн белгiленген тәртiпте қолданысқа енгiзiледi және оның бөлiнбес бөлшектерi болып табылады.

7-бап

      Әр тарап, егер әр нақты жағдайда өзге тәртiп қарастырылмаса, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасымен қарастырылған қаражаттар шегiнде осы келiсiм ережелерiн орындау барысында туындайтын шығындарды жабуды өздерi қамтамасыз етедi.

8-бап

      Осы келiсiм мәтiнiн түсiну кезiнде туындайтын барлық дау-дамайлар келiссөз және ақыл-кеңес беру көмегiмен шешiледi.

9-бап

      Осы келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және үш жыл бойына күшiнде болады.
      Осы кезең аяқталғаннан кейiн тараптардың бipeуi белгiленген аяқталу мерзiмiне дейiн алты айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама жiберу жолымен осы келiсiмдi тоқтату туралы өз ойын басқа Тарапқа хабарлайтын жағдайдан басқа кезде келесi үш жылдық мерзiмге автоматты түрде ұзартылады.
      Келiсiм 2006 жылы 17 қарашада екi түпнұсқалық данада, әрбiрi қазақ, қытай, орыс тiлдерiнде жасалды, түрлi тiлдегi мәтiндер бiрдей күшке ие.
      Осы келiсiм мәтiнiн түсiнуге қатысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiліндегi мәтiнге жүгiнедi.

(Қолдары)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады