Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

Жаңа

Хаттама, Пекин қ., 2009 жылғы 16 сәуір

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Хаттама 2009 жылғы 16 сәуірде күшіне енді.

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі,
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:

1-бап

      1-баптың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасу".

2-бап

      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тараптар жыл сайын баламалы негізде білім алушылармен алмасады. Тараптардың әр мемлекетінде білім алушылардың жалпы саны жыл сайын 100 адамнан аспайды. Қажет болған жағдайда Тараптар өзара келісім негізінде олардың санын ұлғайта алады.
      Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың санын және олардың оқу мерзімін оқу орны орналасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдаушы Тарап анықтайды.
      Қабылдаушы Тарап білім алушыларды оқу, оқу құралдарын пайдалану мен олардың жатақханада тұруы үшін төлемнен босатады және оларға стипендия төлейді және өз мемлекетінің денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес, созылмалы ауруларды емдеуден, курорттық емдеуден және стоматологиялық қызмет көрсетулерден басқа, жедел медициналық көмек береді.
      Қазақстандық білім алушылардың екі жаққа жол жүру шығыстарын және кіру визаларын рәсімдеу білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленеді.
      Қытай тарапы өз ережелеріне сәйкес жіберілетін білім алушыларға шығу визаларын, оқу орнына дейінгі және кері бағыттағы жол шығыстарын ресімдейді".

3-бап

      3-баптың бірінші абзацындағы "Студенттерді, аспиранттарды оқуға және тағылымдамашыларды тағылымдамаға" деген сөздер "Білім алушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3-баптың екінші абзацындағы "студенттер, тағылымдамашылар мен аспиранттар" деген сөздер "білім алушылар" деген сөздермен ауыстырылсын.

4-бап

      4-баптың бірінші абзацындағы "шарттардың негізінде ынтымақтастықтың мынадай нысандарын дамытатын болады" деген сөздер "олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері анықталған шарттарды жасау арқылы дамытатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4-баптың алтыншы абзацындағы "студенттер, аспиранттар мен тағылымдамашылар" деген сөздер "білім алушылар" деген сөздермен ауыстырылсын.

5-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 7-бабына сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болады.

      Пекин қаласында 2009 жылғы 16 сәуірде әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Хаттама ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады