Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы салық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ

Жаңа

Меморандум, 2017 жылғы 8 маусым

      (2017 жылғы 8 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 45-құжат)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі (бұдан әрі “Тараптар” деп аталатын),

      1988 жылғы 25 қаңтардағы 2010 жылғы Хаттамамен толықтырылған Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (бұдан әрі “Конвенция”) ережелеріне сәйкес,

      2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге (бұдан әрі “Келісім”) сәйкес, халықаралық ынтымақтастықтың және Тараптар мемлекеттерінің салық заңнамасын сақтау мәселелер бойынша өзара көмектің маңыздылығын негізге ала отырып,

      осы мақсаттарда бір-біріне анағұрлым кең ауқымда жәрдем көрсетуге тілек білдіре отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы салық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум (бұдан әрі “Меморандум”), басқа екіжақты және көпжақты құжаттармен қатар Тараптар үшін салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты кенейту құралы болып табылады.

2-бап

      Осы Меморандумды іске асыру үшін Тараптардың:

      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік салық әкімшілігі уәкілетті органдар болып табылады.

      Тараптар уәкілетті органдарын өзгерткен жағдайда, дипломатиялық арналар бойынша дереу бір-біріне хабарлайды.

3-бап

      Тараптар тәжірибе алмасуға, сындарлы және оң рухында тікелей байланыс тетігін жасауға, Тараптардың құзыретін арттыру мақсатында бір-біріне өзара қолдау көрсетуді мынадай жолмен келісті:

      - өзара байланыс жүйесін жақсарту, салық салу саласындағы көмек көрсету;

      - жаңа ынтымақтастық әдістерін әзірлеу;

      - салықтық әкімшілендіру саласындағы практикалық ынтымақтастықты іске асыру;

      - осы Меморандум шеңберінде салықтық дауларды тиімді табысты реттелуіне жәрдемдесу.

4-бап

      Тараптар және тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес сұрау салу бойынша бір-біріне ақпаратты мынадай салаларда ұсынады:

      - салық жүйесі өзгерістері мен реформалары;

      - салықтық әкімшілендіру және практика қағидалары;

      - өзара мүддені білдіретін салық салу мәселелері.

      Осы Меморандумның ережелері Тараптар жасасқан өзге келісімдерге сәйкес уәкілетті салық органдарының ынтымақтастығына кедергі келтірмейді.

5-бап

      Тараптар халықаралық деңгейде келісілген салық мәселелері бойынша, айқындылық және ақпаратпен алмасу стандарттарын сақтауға Конвенцияның және 26-бабы келісім ережелеріне сәйкес салық салудан жалтаруға жол бермеу мақсатында бір-біріне салық төлеушілерге қатысты сұрау салу бойынша ақпаратты ұсынуда жәрдемдесуге келісті.

6-бап

      Осы Меморандум шеңберінде алынған ақпарат тек Конвенция және Келісімнің 26-бабына сәйкес қана пайдаланылуы және ашылуы мүмкін.

7-бап

      Осы Меморандум шарттарының орындалуын жылжыту мақсатында, Тараптар автоматты ақпарат алмасуға ұмтылатын болады.

8-бап

      Ақпарат алмасу, хат алмасу, пошта байланысы, не қажет болған жағдайда және Тараптардың біреуінің қалауы бойынша, екіжақты кездесулерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.

      Меморандумнан шығатын мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылатын Тараптар басшыларының немесе сарапшыларының кездесулерін өткізу күні Тараптардың өзара келісімі бойынша белгіленетін болады.

9-бап

      Тараптар, осы Меморандумды тиімді іске асырылуын жүзеге асыру үшін сондай-ақ делегациялар мен сарапшылар сапарымен алмасу маңызды деп пайымдайды. Осы мақсатпен Тараптардың бірі, сұрау салу бойынша басқа Тарапқа салық сарапшыларын немесе делегациясын салық жүйесін немесе әкімшілік мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау үшін, не проблемалық мәселелер немесе ақпарат алмасуды, экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің заңды құқықтарын қорғауды қоса алғандағы жағдайлар бойынша шешімдер әзірлеу үшін жіберуі мүмкін.

10-бап

      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы Меморандумның ережелерін іске асыру бойынша қажетті рәсімдермен байланысты туындайтын барлық қаржы шығыстарын егер өзгеше ескертілмесе, дербес көтереді.

11-бап

      Тараптардың жазбаша келісімі бойынша Осы Меморандумға осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

12-бап

      Осы Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Меморандум бір Тараптың дипломатиялық арналар бойынша осы Меморандумның қолданысын тоқтату туралы басқа Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап тоқсан (90) күн өткен соң қолданылады.

      2017 жылғы 8 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Меморандумның мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
үшін
Қытай Халық РеспубликасыныңМемлекеттік салық әкімшілігіүшін

      (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады