Қызылорда облысы әкімінің Қызылорда қаласының су құбыры-канализация шаруашылығы жүйелерін дамыту және қайта жаңарту үшін 250 (екі жүз елу) млн. теңге көлемінде заем тартудан бас тартуына орай Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қызылорда қаласының су құбыры-канализация шаруашылығын дамыту
және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 925
қаулысының
күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.