Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтар N 121 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2071 Қаулысымен

        Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.10 N 2071 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын";
      2) 2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады