Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 2 наурыз N 347.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығы мен "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1267 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен бұрынғы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мүлкiн 1999 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарауына берсiн.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1267 қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Солтүстiк су құрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiн салу жөнiндегi аумақтық дирекция" мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:

      1) республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз ету коммуникациялар және олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң басқа да салаларында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;

      2) табиғат қорғау саласында шаруашылық-өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1267 қаулысымен.

      7. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 мамырдағы N 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 180-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. N 40, 343-құжат) бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 24-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 2 наурыздағы
N 347 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ


      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1267 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 2 наурыздағы
N 347 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары жөнiндегі комитетi мемлекеттік мекемелерiнiң - аумақтық органдарының тізбесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.28. N 1267 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады