Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан 2000 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 наурыз N 384. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.03.29. N 406 қаулысымен. ~P010406

 


     2000 жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі

іс-шараларды уақытылы және тиімді жүргізуді ұйымдастыру мақсатында, бұл

істе барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді

қамтамасыз ету, сондай-ақ қажетті шараларды барынша жедел түрде қабылдау

үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мына құрамда 2000 жылы

шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылсын:


     Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Даниал Кенжетайұлы         Министрінің орынбасары, төраға


     Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Сауат Мұхаметбайұлы        шаруашылығы министрі, төрағаның

                                орынбасары


             Комиссияның мүшелері:


     Мырзахметов              - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Асқар Исабекұлы            шаруашылығы вице-министрі


     Баталов                  - Қазақстан Республикасының Көлік

     Әнуар Қасымұлы             және коммуникациялар министрлігі

                                Азаматтық авиация комитетінің

                                төрағасы


     Байсақов                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс

     Марат Сатыбалдыұлы         министрлігінің радиациялық, химиялық,

                                бактериологиялық қорғаныс әскерінің

                                бастығы



     Отто                     - Қазақстан Республикасының Ішкі

     Иван Иванович              істер вице-министрі


     Жұмабаев                 - Қазақстан Республикасының

     Бейбіт Тенелұлы            Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден

                                комитеті төрағасының орынбасары


     Нигай                    - Қазақстан Республикасының

     Эдуард Михайлович          Төтенше жағдайлар жөніндегі

                                агенттігінің Астана қаласындағы

                                уәкілетті өкілі


     Сизов                    - Қазақстан Республикасының Жер

     Александр Павлович         ресурстарын басқару жөніндегі

                                агенттігі төрағасының орынбасары


     Нұрмұратов               - Қазақстан Республикасы Білім

     Тілеу Нұрмұратұлы          және ғылым министрлігінің ҰААЗО

                                Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу

                                институтының директоры (келісім бойынша)


     Камбулин                 - Шегірткеге қарсы халықаралық

     Владимир Евгеньевич        ассоциацияның мүшесі, "Новартис

                                Агро Сервисез АГ" фирмасының

                                консультанты (келісім бойынша)


     2. Комиссия бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне

шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес мәселелері жөніндегі ұсыныстарын

тапсырсын.

     3. Облыстардың және аудандардың әкімдеріне шегіртке тектес

зиянкестерге қарсы күрес жөнінде осыған ұқсас комиссиялар ұйымдастыру

ұсынылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі





    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады