Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 567 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Рспубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1519 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1519 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 P991160_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 41, 358-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер";
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік реттеу шаралары қолданылады деп белгіленсін.".
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады