Азия Даму Банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық заемының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 сәуір N 574

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы мен "Қазагроөнеркәсіпбанкі" ашық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісілген, Азия Даму Банкінің бірінші траншы шеңберінде ауыл шаруашылығы секторы үшін 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге бөлінген несиелік ресурстарды қайтарудың мерзімдерін заңдарда белгіленген тәртіппен ұзарту туралы ұсынысы назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы мен "Қазагроөнеркәсіпбанкі" Азия даму Банкінің алдындағы міндеттемелерінің сомасына сәйкес және көрсетілген банктердің берешектеріне теңбе-тең бөлінген негізгі борыш бойынша мерзімі өткен берешектерінің бір бөлігін, сондай-ақ Азия Даму Банкі заемының несиелері бойынша сыйақының (мүдденің) мерзімі өткен сомаларын өтеуді;
      несиелер бойынша алда тұрған кезекті төлемдерді өтеуді бірдей үлестермен жарты жылда бір рет: әр жылдың 1 сәуірінде және 1 қазанында өтеуді;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және тиісті банктердің арасында жасалған көрсетілген банктердің берешектерін акцептсіз тәртіппен есептен шығару туралы 1996 жылғы 1 тамыздағы Несиелік шарттардың 3.4-тармағын іске асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы қаулының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген банктермен тиісті несиелік келісім жасасу ұсынылсын.
      4. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы мен

 

"Қазагроөнеркәсіпбанкі" ашық акционерлік қоғамына түпкі несиелік

заемшылармен несиелердің мерзімдерін ұзартуға арналған тиісті несиелік

келісім жасасу ұсынылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады