Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынған және
қытай тарапымен алдын-ала пысықталған Қытай Халық Республикасы Үкіметінің
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы келісімнің
жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы
Ыдырысов қоса беріліп отырған Қытай Халық Республикасы Үкіметінің
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек беруі туралы келісімге
қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қытай Халық Республикасы Үкіметінің
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
өтеусіз көмек беруі туралы
Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 3, 26-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталады)
екі елдің арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту және
техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында мына
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының
Үкіметіне достық қарым-қатынасының және қытай мен қазақстан халықтары
достығының белгісі ретінде, Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан
Республикасының Үкіметіне 10 (он) миллион қытай юаны мөлшерінде өтеусіз
көмек береді.
2-бап
Жоғарыда аталған көмектің қаражаты Тараптардың арасындағы
уағдаластыққа сәйкес жабдықтардың жиынтығын беру жөніндегі жобаларды
жүзеге асыру үшін немесе Қазақстан Республикасына жалпы мақсаттағы
тауарларды беру үшін пайдаланылатын болады.
3-бап
Осы Келісімді жүзеге асыру үшін есеп жүргізудің тәртібі Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі мен қытай Банкінің арасында қосымша
келісілетін болады.
4-бап
Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар
өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
2000 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және
орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші
бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер пайда болған
жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.