"McGuire, Woods, Battle & Boothe, International L.L.C." халықаралық заң фирмасының және "McGuire, Woods, Battle & Boothe, International V.L.L.P." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметтеріне ақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 маусым N 840

      "Айзенберг" компаниялар тобымен болған төрелік анықтау бойынша, сондай-ақ Нью-Делиде (Үндістан) "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлік авиакомпаниясының ұшағы мен "Сауди Арабиан Эйрлайнз" авиакомпаниясы ұшағының соқтығысуына байланысты іс бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге және қорғауға байланысты "МсGuirе, Wооds, Battle &

;Вооthе, International L.L.С." халықаралық заң фирмасының және "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, International V.L.L.Р." жауапкершілігі шектеулі

;серіктестігінің шығыстарына ақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, International L.L.С." халықаралық заң фирмасының және

;"МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, International V.L.L.Р." жауапкершілігі

;шектеулі серіктестігінің қызметтеріне ақы төлеу үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 58356,76 (елу сегіз мың үш жүз елу

 

алты) АҚШ жоллары 76 центке баламалы сомада қаражат бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі




   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады