Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Шұбаркөл разрезі" ашық акционерлік қоғамының 78,9% мөлшердегі және "Шұбаркөл ТКБ" ашық акционерлік қоғамының 100% мөлшердегі акцияларының мемлекеттік пакетін мынадай шартты:
сатып алушының "Шұбаркөл разрезі" және "Шұбаркөл ТКБ" ашық акционерлік қоғамдарын қосу жолымен қайта ұйымдастыруды міндетті түрде аяқтауын енгізе отырып, тендерде бір лотпен сатуды жүзеге асырсын.
2. "Шұбаркөл разрезі" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 қазандағы N 1528
қаулысының
күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.