"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңының 8-бабына сәйкес, 2000/2001 жылдарғы от жағылатын маусымға дайындықты қамтамасыз етуге байланысты Қостанай облысының Торғай аймағындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды одан әрі тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қостанай облысының облыстық бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды жүзеге асыру 2000 жылдың 25 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2000 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 4 мамырдағы N 528
қаулысымен бекітілген Облыстық
бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық
бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз ету тәртібінің
6-тармағына сәйкес, бюджеттік алулар бойынша пайда болған жете
төлемеушілік толығымен өндіріліп алынғанға дейін Қостанай облысының
облыстық бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды жүргізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.