Орта Азиялық тасбақаны экспорттауға рұқсат беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1153 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 778 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.28  N 778 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) экспорттау мен импорттауды лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі (бұдан әрі - "Охотзоопром" ӨБ) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына: 
      1) "Охотзоопром" ӨБ мен Шекаралық Сауда компаниясы (Қытай Халық Республикасы) арасындағы 2000 жылғы 5 сәуірдегі N 1/5 п-6-2000 келісім-шартының; 
      2) "Охотзоопром" ӨБ мен "ЗООимэкс" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы) арасындағы 2000 жылғы 1 маусымдағы N 19/2000 келісім -шартының шарттарына сәйкес жалпы саны 25000 (жиырма бес мың) бастан аспайтын Орта Азиялық тасбақа (СЭҚ код ТН N 010600900) экспорттауға рұқсат берілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Охотзоопром" ӨБ-не" көрсетілген тауарды экспорттауға лицензия берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Орта Азиялық тасбақаны табиғи ортадан алынуына байланысты төлемдердің республикалық бюджеттің кірісіне түсуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады