Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайларын авиаотынымен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 тамыз N 1264

      Авиаотынымен қамтамасыз етуде қалыптасқан күрделi жағдайға байланысты және республиканың авиакомпаниялары мен әуежайларына көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң

 

бөлуiне сәйкес төлемдi кейiнге қалдырып, төлем жасалады деген шартпен 10

мың тонна көлемiндегi авиаотынын мемлекеттiк резервтен жаңалау тәртiбiмен

жiберудi;

     2000 жылдың төртiншi тоқсанында жоғарыда көрсетiлген авиаотыны

көлемiмен мемлекеттiк резервтi толықтыруды қамтамасыз етсiн.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады