Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 23 тамызда Алматы қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-оңтүстiк корея үкiметаралық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) бiрiншi мәжiлiсi өткiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі:
1) Комиссияның мәжiлiсiн дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастырушылық және протоколдық iс-шараларды қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Алматы қаласында Комиссияның кореялық бөлiгi мүшелерiн орналастыру және көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Комиссия
мүшелерiнiң әуежайда, тұратын және болатын жерлерiнде қауiпсiздiгiн,
сондай-ақ жүру бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.