Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 тамыз N 1270

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
 

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қыркүйектегi N 1477   қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2000 жылғы 17 тамыздағы       
N 1270 қаулысына          
қосымша           

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi

      1. "Ақтөбе аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Ақтөбе қаласы.
      2. "Шығыс Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк  кәсiпорны, Өскемен қаласы.
      3. "Жамбыл аграрлық сараптамасы" еншілес мемлекеттiк кәсiпорны, Тараз қаласы.
      4. "Батыс Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Орал қаласы.
      5. "Павлодар аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Павлодар қаласы.
      6. "Қарағанды аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
      7. "Қостанай аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Қостанай қаласы.
      8. "Солтүстiк Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Петропавл қаласы.
      9. "Оңтүстiк Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Шымкент қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады