Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 тамыз N 1273

      Сот шешiмдерiн орындау үшiн және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңына Z990473_ , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 P991408_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнің "Қаратау жеке әскерилендiрiлген отряды қазыналық кәсiпорнының қызметкерлерiне жалақы

 

өндiрiп алу туралы Жамбыл облысы Талас аудандық сотының 1999 жылғы

13 қазандағы шешiмiн орындау үшiн 2000 жылға арналған республикалық

бюджетте соттардың шешiмдерi бойынша Үкiмет пен орталық атқарушы

органдардың мiндеттемелерiн өтеуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

көзделген резервiнен 2 200 088 (екi миллион екi жүз мың сексен сегiз)

теңге бөлсiн.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.




     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады