"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына Z960009_ және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясының Қырғыз Республикасына 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 73-мр-2000 келісім-шарт және осы келісім-шартқа 2000 жылғы 15 сәуірдегі N 1 толықтыру бойынша, 1-қосымшаға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы сәйкес мөлшерде "Қырғыз Петролиум Компани" бірлескен Қырғыз-Канада кәсіпорны (Жалал-Абад қаласы, Қырғыз Республикасы) үшін "Синтез" (Дзержинск қаласы, Ресей Федерациясы) ашық акционерлік қоғамы жеткізетін химиялық реагенттің (тетраэтилқорғасын) транзитіне рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданылып жүрген Халықаралық темір жол қатынасы туралы келісімнің Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, 2 және 3-қосымшаларға сай қозғалыс бағыты және тиеп жіберу кестесі бойынша жүктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Кеден
комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы химиялық реагентінің (тетраэтилқорғасын) транзитін бақылауды
қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 тамыздағы N 1283
қаулысына 1-қосымша
2000 жылғы 21 қаңтардағы N 73-мр-2000 келісім-шарт және осы
келісім-шартқа 2000 жылғы 15 сәуірдегі N 1 толықтыру бойынша
"Қырғыз Петролиум Компани" бірлескен Қырғыз-Канада
кәсіпорны үшін "Синтез" ашық акционерлік қоғамы жеткізетін
тауарлардың мөлшері
------------------------------------------------------------------
N ! Тауардың атауы ! Өлшем ! Саны! Бағасы АҚШ!Жалпы құны
р/н ! !бірлігі! !долларымен !АҚШ долларымен
------------------------------------------------------------------
1. !Этил сұйығы (тетра! тонна !40.00! 5300 ! 212000.00
!этилқорғасын) ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 тамыздағы N 1283
қаулысына 2-қосымша
2000 жылғы 21 қаңтардағы N 73-мр-2000 келісім-шарт және осы
келісім-шартқа 2000 жылғы 15 сәуірдегі N 1 толықтыру бойынша
"Қырғыз Петролиум Компани" бірлескен Қырғыз-Канада
кәсіпорны үшін өнімдерді тиеу кестесі
------------------------------------------------------------------
N ! Атауы !Өлшем бірлігі!2000 жылға!Оның ішінде тоқсан
! ! !арналған !бойынша вагондар
! ! !барлығы !----------------------
! ! ! ! ІІІ ! IV
------------------------------------------------------------------
1. !Этил сұйығы ! тонна ! 40 ! 20 ! 20
! (тетраэтил. ! ! ! !
! қорғасын) ! ! ! !
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 тамыздағы N 1283
қаулысына 3-қосымша
2000 жылғы жеткізілімдер үшін
химиялық реагенттік (тетраэтилқорғасын) қозғалыс бағыты
Химиялық реагенттің (тетраэтилқорғасын) қозғалыс бағыты мына бағыт
бойынша жүзеге асырылады:
Жүкті жіберуші: "Синтез" ашық акционерлік қоғамы, Дзержинск
қаласы, Ресей Федерациясы;
Баратын станциясы: Жалал-Абад, Қырғыз темір жолы;
Шекарадан өту станциясы: Никель-Тау-Шеңгелді (Қазақстан);
Қабылдап алушы: "Қырғыз Петролиум Компани" бірлескен Қырғыз-Канада
кәсіпорны, Қырғыз Республикасы, Жалал-Абад қаласы.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.