Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясы аумағында жауынгерлiк жұмыстар жүргiзу кезiнде апаттар туындаған жағдайда өзара iс-қимыл жасау тәртiбi туралы келiсiм жасасу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 тамыз N 1310. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 маусымдағы N 653 қаулысымен. ~P020653

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясы аумағында жауынгерлiк жұмыстар жүргiзу кезiнде апаттар туындаған жағдайда өзара iс-қимыл жасау тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Сәт Бесiмбайұлы

 

Тоқпақбаевқа принциптi сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге

рұқсат бере отырып, ресей тарабымен келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан

Республикасының Үкiметi атынан аталған Келiсiмдi жасасуға өкілеттiк

берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                            Жоба


      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының

        Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағымен

         шектес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк

        жұмыстар жүргiзу кезiнде апаттар туындаған жағдайда

              өзара iс-қимыл жасау тәртiбi туралы

                          Келісім


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Ресей Федерациясының Үкiметi,


 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы өнеркәсiптiк апаттардың, қираулардың, табиғат зiлзалаларының алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып төмендегiлер туралы келiстi:
 
                            1-бап
 
      Осы Келiсiм Тараптардың Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясының аумағында жауынгерлiк жұмыстарды iске асыру кезiнде апаттар туындаған жағдайдағы мiндеттерiн, апат жағдайында өзара құлақтандыру рәсiмдерiн, сондай-ақ апаттың зардаптарын жою үшiн Тараптардың қажетті күштер мен құралдар тартуы тәртiбiн анықтайды.
      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Ресей Федерациясының жалдауындағы әскери-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" кешенiнiң қызметіне байланысты қатынастарды реттемейдi.
 
                             2-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      "жауынгерлiк құралдар" Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясы аумағында жауынгерлiк жұмыстар жүргiзу кезiнде штаттық емес ахуалдар туындаған жағдайда тактикалық-техникалық сипаттамалары Қазақстан Республикасының аумағына жетуге мүмкiндiк беретiн кез-келген басқарылмайтын және басқарылатын снарядтарды, зымырандарды, зымыран-нысаналарды, ұшқышты және ұшқышсыз ұшу аппараттарын, басқарылмайтын және басқарылатын авиациялық ату құралдарын бiлдiредi;
      "штаттық емес ахуалдар" басқарудың (көздеп келтiрудiң) жауынгерлiк қүралдарында немесе жер үстi құралдарында жауынгерлiк құралдың тапсырылған траекториядан ауытқуына және жауынгерлiк құралдың тапсырылған учаске аумағының сыртына құлауына әкелiп соқтыратын ахаулардың туындауын бiлдiредi;
      "жауынгерлiк жұмыс" жауынгерлiк жаттығу немесе сынақ оқ атуларын, ұшыруларды, ұшуларды, жауынгерлiк құралдар тастауларды жүргiзудi бiлдiредi;
      "апат" Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясы аумағында жауынгерлiк жұмыстар жүргiзу кезiнде штаттық емес ахуалдың тууы салдарынан жауынгерлiк құралдың немесе оның бөлшегiнiң Қазақстан Республикасының аумағына құлауын бiлдiредi.
 
                             3-бап
 
      Тараптар осы Келiсiм бойынша өкiлеттi органдарын былайша анықтайды:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Төтенше оқиғалар жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi.
      Жоғарыда аталған өкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы жазбаша хабарландырылатын болады.
 
                             4-бап
 
      Апат зардаптарын жою үшiн Ресей Тарапы мынадай күштер мен құралдар тартады:
      апатты жағдайларды жоюға және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған апаттық-құтқару отрядтарын;
      жауынгерлiк құрал апатының табиғи ортаға әсерiне мониторинг жүргiзуге және жауынгерлiк құралдардың ұшу (құлау) трассасы бойынша гигиеналық бақылау жүргiзуге арналған мамандандырылған лабораторияларды;
      әуе-ғарыштық iздестiру және құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын;
      жедел әрекет ететiн мамандандырылған медициналық-биологиялық бригадаларды;
      апатты жағдайларда табиғи ортаның болуы мүмкiн ластану деңгейiн жедел болжайтын мамандандырылған қызметтердi;
      апат зардаптарын жоюға арналған аспаптар мен химиялық реактивтердiң азаймайтын қорын;
      кейiн Ресей Тарапының нақтылы шығындарды өтеуi арқылы жауынгерлiк жұмыстарды жүргiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының апаттық-құтқару бөлiмшелерiн. Бұл бөлiмшелердi тарту тәртiбi Тараптардың өкiлеттi органдары арасындағы тиiстi келiсiмдермен анықталады;
      Қазақстан Тарапы сұраған өзге де күштер мен құралдарды.
      Ресей Тарапы сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына апатты жауынгерлiк құралдардың құлау фактiсiнiң өзi үшiн, келтiрiлген шығынға қатыстылықтан тыс, тиiсiнше айыппұл төлейдi.
 
                              5-бап
 
      Апат зардаптарын жою үшiн Қазақстан Тарапы мынадай күштер мен құралдар тартады:
      арнаулы апаттық-құтқару және iздеу-құтқару бөлiмшелерiн өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық, мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық, табиғат қорғау және басқа қызметтердi, сондай-ақ құқық қорғау органдарын;
      қажет болған жағдайда көшiру шараларын жүргiзу және апат аймағында қалған елдi мекендерден көшiрiлетiн адамдарды қабылдау кезiнде уақытша үй-жай құруға және тамақтандыру пункттерiн ұйымдастыруға арналған азық-түлiк және материалдық ресурстар запастарын;
      өзге де күштер мен құралдарды.
 
                            6-бап
      Апат зардаптарын жоюға қатыстырылатын Тараптардың күштерi мен құралдарының нақтылы құрамы Тараптар өкiлеттi органдарының апат ауданы, оның ауқымы мен зардаптары туралы жедел ақпараттарына қарай анықталады.
 
                             7-бап
 
      Апаттың болуы мүмкiн зардаптарын талдауды қамтамасыз ету мақсатында Ресей Тарапы Қазақстан Тарапына жауынгерлiк құралдардың түрлерi, олардың ұшу трассалары және апат жағдайында құлауы мүмкiн аудандар бойынша қажеттi техникалық мәлiметтер бередi.
      Қазақстан Тарапының өтiнiмi бойынша Ресей Тарапы апат зардаптарын жою жөнiндегi iс-әрекеттерге Қазақстан Республикасының мамандарын оқытуды жүзеге асырады және Қазақстан Тарапын кажеттi техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз етедi.
 
                             8-бап
 
      Апат жағдайында Ресей Тарапы апат себептерi анықталғанға дейiн Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясы аумағында апатқа ұшыраған жауынгерлiк құрал түрiне жататын жауынгерлiк құралдармен жауынгерлiк жұмыстар жүргiзудi тоқтатады, ол туралы Қазақстан Тарапын хабарландырады.
      Ресей Тарапы Қазақстан Тарапын апаттың себептерi, сол үлгiдегi жауынгерлiк құралдармен одан кейiнгі жауынгерлiк жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың орындалғаны туралы жазбаша хабарландырады, бұл орайда сол жауынгерлiк құралдармен жауынгерлiк жұмыстарды қайта жаңғырту Қазақстан Тарапымен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
 
                            9-бап
 
      Қазақстан Тарапының апаттық-құтқару бөлiмшелерiн дайындық жағдайына уақытылы келтiру мақсатында Ресей Тарапының өкiлеттi органы Қазақстан Тарапының өкiлеттi органын Қазақстан Республикасының аумағымен шектес Ресей Федерациясы аумағында жоспарланған жауынгерлiк жұмыстар туралы алдын ала жазбаша хабарландырады.
 
                            10-бап
 
      Тараптардың өкiлеттi органдары жауынгерлiк жұмыстардың жүргiзiлуi жоспарланған уақыттан 8 сағат бұрын Тараптардың апаттық-құтқару бөлiмшелерiнiң дайындығы туралы ақпараттар алмасады.
      Апат туындаған жағдайда Ресей Тарапының өкiлеттi органдары қолданылып жүрген байланыс арналары арқылы Қазақстан Тарапының өкiлеттi органына қалыптасқан жағдай туралы кешiктiрмей хабарлайды.
 
                            11-бап
 
      Апат туындаған жағдайда Ресей Тарапының өкiлеттi органы Қазақстан Тарапын кешiктiрмей хабарландырады, Қазақстан Тарапымен келiсу арқылы жағдайды бағалау Қазақстан Тарапы мемлекеттiк органдарының өкiлдерiмен бiрге өзара iс-қимылды ұйымдастыру және апат зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектi шараларды орындау үшiн Ресей мамандарының жедел тобын жасақтайды және апат туындаған сәттен 12 сағаттан кешiктiрмей апат ауданына жөнелтедi.
      Қажет болған жағдайда Ресей Тарапының өкiлеттi органы апат зардаптарын жою үшiн Қазақстан Тарапымен келiсiлген мерзiмде мамандар тобын жасақтайды және апат ауданына жiбередi.
      Тараптар апат зардаптарының себептерiн тексеру және бағалау жөнiндегi үкiмет комиссияларын құрады, олар оның зардаптарын жою жөнiндегi бiрлескен комиссия құрады және одан арғы өзара iс-қимыл әрекеттерiнiң тәртiбiн келiседi.
      Yкiмет комиссиялары жұмысының нәтижелерi бойынша бiрлескен хаттамаға қол қояды.
 
                            12-бап
 
      Тараптардың iздеу-құтқару және апаттық-құтқару бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк құралдарды немесе олардың бөлшектерiн жинауды, тұрғындарды медициналық тексерудi, аумақты мал дәрiгерлiк тексерудi, қоршаған орта объектiлерiнiң сынамаларын сұрыптау мен талдауды қоса жағдайды бағалау жөнiндегi iс-қимылы осы Келiсiмнiң 11-бабында атап көрсетiлген үкiмет комиссияларымен келiсiлген тәртiппен, ауқымда және әдiстермен бiрлесiп жүзеге асырылады. Апат зардаптарын бағалау нәтижелерi бойынша аталған үкiмет комиссияларының уәкiлеттi өкiлдерi екi жақты актiлерге қол қояды.
      Апат нәтижесiнде болған материалдық шығынның көлемiн анықтауды Қазақстан және Ресей Тараптары үкiмет комиссияларының өкiлдерi жүргiзедi.
 
                                13-бап
 
      Апат зардаптарын жою жөнiндегі шараларды жүргізуге және қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды қоса зарарларға өтемақы төлеуге байланысты шығындардың орынын толтыруды апат зардаптарын бағалаудың екi жақты қол қойылған актiлерi негiзiнде Ресей Тарапы жүзеге асырады.
      Аталған шығындарға сондай-ақ мыналар қосылады:
      қазақстандық мамандарды оқыту және оларға қажеттi техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз етулер беру;
      апат зардаптарын жоюға қатыстырылған Қазақстан Республикасы апаттық-құтқару және басқа бөлiмшелерiнiң шығындары;
      Қазақстан Тарапы үкiмет комиссиясының және бiрлескен штабтың қазақстандық бөлiгiнiң қызметiне байланысты шығындар.
 
                             14-бап
 
      Қазақстан Тарапы Ресей Тарапы өкiлдерiнiң жауынгерлiк құралы немесе оның бөлшегi құлаған жерге жiберiлуiн қамтамасыз етедi.
 
                              15-бап
 
      Қазақстан Тарапы апат зардаптарын жою үшiн Ресей Тарапы өкiлдерiнiң өз мемлекетi аумағына кiруi және одан шығуы, Ресей жабдықтары мен материалдарын енгiзу және шығару, сондай-ақ апат себептерiн анықтау үшiн жауынгерлiк құралдарды немесе олардың бөлшектерiн Ресей Тарапының аумағына шығару кездерiнде кеден төлемдерiнсiз және салықтарсыз жеңiлдетiлген шекара және кеден тәртiбiн, сондай-ақ тарифтiк емес шараларды қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Тарапы Ресей Тарапының апат зардаптарын жоюға қатысатын әуе кемелерiне әуе дәлiздерi мен тұрақтарын артықшылықты ретпен бередi.
      Ресей Тарапының жазбаша өтiнiмi бойынша Қазақстан Тарапы апат

 

зардаптарын жоюға келген Ресей мамандарын нақтылы жұмсалған шығындарды

кейiн Ресей Тарапының өтеуi арқылы көлiкпен, үй-жаймен, азық-түлiкпен,

байланыс құралдарымен қамтамасыз етедi.


                            16-бап


     Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты даулар

Тараптардың келiссөздер жүргiзуi арқылы шешiледi, сондай-ақ Қазақстан

Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi

Yкiметаралық комиссия шешедi.


                             17-бап


     Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары

болып табылатын өзге халықаралық келiсiм-шарттар бойынша Тараптардың

мiндеттемелерiн қозғамайды.


                             18-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге толықтырулар мен

 

өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып

табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.


                             19-бап


     Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және

оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғандығы

туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарландырған күнiнен бастап күшiне

енедi.

     Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер Тараптардың ешқайсысы

тиiстi мерзiм аяқталарынан кемi алты ай бұрын оның әрекет етуiн тоқтатуға

ықыластылығын жазбаша хабарламаса оның әрекетi келесi бес жылға өздiгiнен

ұзартылады.

     2000  жылғы "____"____________  ________________________қаласында

әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана етiп жасалды, әрi екi мәтiн

де бiрдей күшке ие.


     Қазақстан Республикасының           Ресей Федерациясының

           Yкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн




     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады