"Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 тамыз N 1318

      "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiгінiң банкрот деп танылуына байланысты және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының берiлген мемлекеттiк кепiлдiгiне орай республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналарды:
      1) "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды;
      2) үшiншi кезектегі несие берушiлер талаптарының және әкiмшiлiк шығыстардың сомасынан төмен емес бiрыңғай лоттың ең төмен бағасын белгiлеудi;
      3) өндiрiстiң технологиялық циклiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етудi;
      4) конкурстық басқарушыға өндiрiстiң үздiксiздiгін қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын берудi көздейтiн конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
      2. Конкурстық массаны сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) Сатып алушыда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген мүлiктiк кешендi пайдалану жөнiндегi инвестициялық бағдарламаның болуы;
      2) 1995 жылғы 24 наурызда берілген N 22-3/34016 мемлекеттік кепілдікке орай сатып алушының республикалық бюджеттен оқшауландырылған 48000000 (қырық сегiз миллион) немiс маркасы мөлшерiндегi қаражатты 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде 17 жыл iшiнде қайтару жөнiнде мiндеттемелер қабылдауы;
      3) "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек шарттарының үздiксiздiгiн қамтамасыз ету.
      3. "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiгінiң мүлiктiк кешенiн сату кезiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауына бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      4. "Ақмола Жаңа Құрылыс индустриясы" акционерлiк қоғамының кейбiр

 

мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16

маусымдағы N 775 


P990775_
 

  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады