Әйелдер кәсiпкерлiгiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның отандық тауар өндiрушiлердi қолдау бағдарламасы шеңберiндегi қаражаттан 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) АҚШ доллары мөлшерiнде әйелдер кәсiпкерлiгiн несиелендiру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Темiрбанк" ашық акционерлiк қоғамын әйелдер кәсiпкерлiгiн несиелендiру жөнiндегi уәкiлеттi банк етiп айқындау туралы ұсынысы назарға алынсын.
3. "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Эксимбанк) белгiленген тәртiппен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау бағдарламасы шеңберiнде жобаларды несиелендiруге бөлiнетiн қаражат есебiнен әйелдер кәсiпкерлiгiн несиелендiру үшiн уәкiлеттi банкке 5 жылға дейiн жылдығына 5 (бес) пайыз сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша несие қаражатын бөлсiн.
4. Жобаларға арналған несиелер жөнiндегi уәкiлеттi банк "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау жөнiндегi шараларды iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 13 қарашадағы N 1162 P981162_ қаулысына сәйкес маржа белгiлесiн.
5. Эксимбанк уәкiлеттi банкпен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау
жөнiндегi агенттiгiне әйелдер кәсiпкерлiгiн несиелендiру туралы тоқсан
сайын есеп берсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Экономика министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.