Тәжікстан Республикасынан Қырғыз Республикасына жарылғыш заттардың (аммонит 6жв-32 мм) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 қыркүйек N 1377

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Тәжiкстан Республикасынан Қырғыз Республикасына "СУ-93" акционерлiк қоғамы (Бiшкек қаласы, Қырғыз Республикасы) үшiн 1999 жылғы 25 қаңтардағы N 19 келiсiм-шарт бойынша 1-қосымшаға сай "Химзауыт" акционерлiк қоғамы (Исфара қаласы, Тәжiкстан Республикасы) беретiн жарылғыш заттардың (аммонит 6жв - 32 мм) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданылып жүрген Халықаралық темiр жол жүк қатынастары туралы келiсiмге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, 2-қосымшаға сай қозғалыс бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктiң темiр жол көлiгiмен тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген жүктердiң (жарылғыш

заттардың) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне бақылауды

қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                                Қазақстан Республикасы

                                                     Үкіметінің

                                              2000 жылғы 11 қыркүйектегі

                                                   N 1377 қаулысына

                                                      1-қосымша


        "СУ-93" акционерлік қоғамына (Бішкек қаласы, Қырғыз

       Республикасы) 1999 жылғы 25 қаңтардағы N 19 келісім-шарт

         бойынша "Химзауыт" акционерлік қоғамы (Исфара қаласы,

          Тәжікстан Республикасы) беретін тауарлардың саны

   ___________________________________________________________________

   Р/с  ! Тауардың   ! Өлшем   !  Саны  !  Бағасы   ! Жалпы құны

   N       атауы       бірлігі             АҚШ долл.    АҚШ долл.

   ___________________________________________________________________

     1    Аммонит         т        60,0    975.00      58500.00

          6жв-32мм

   ___________________________________________________________________




                                                  Қазақстан Республикасы

                                                      Үкіметінің

                                               2000 жылғы 11 қыркүйектегі

                                                   N 1377 қаулысына

                                                     2-қосымша


          Жарылғыш заттардың (аммонит 6жв-32 мм)

                  қозғалыс бағыты


     Жарылғыш заттардың (аммонит 6жв-32 мм) қозғалыс бағыты мына бағыттар

бойынша жүзеге асырылады:


     Баратын станциясы: Жел-Арық (Қырғыз Республикасы);


     Шекарадан өту станциясы: Арыс-Луговая (Қазақстан Республикасы);


     Алушы: "СУ-93" акционерлік қоғамы (Бішкек қаласы, Қырғыз

Республикасы).




      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.               





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады