"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолдануға енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 қазан N 1497

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолдануға енгізу

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                   жоба


                     Қазақстан Республикасының Заңы


     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

           Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін)

                     қолданысқа енгізу туралы



 
       1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
      2-бап. Мыналар:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Z952235_ Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; 2000 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына автокөлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Z000065_ Заңы) мынадай:
      2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 56-7-бапты, 57-баптың 1-тармағының 15, 16, 19, 22-тармақшаларын, 60-бапты, 152-баптың 1-1-тармағын, 179-баптың 9 және 10-тармақтарын;
      2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 57-баптың 1-тармағының 17-тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап.
      2. "Мемлекеттік баж туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Z960065_ Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат) 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын.

 

     3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар

мен басқа да нормативтік құқықтық актілер 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес келтіруге

жатады.

     4-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады