Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды несиелендiру жөнiндегi банк операцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Қаржы орталығы) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) Қаржы орталығының жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қаржы орталығын 2000 жылы қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдан бастап Қаржы орталығын ұстауға арналған шығыстарды республикалық бюджеттiң тиiстi бағдарламасы бойынша көздесiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .2) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлiмiнде:
4 "Білім беру" функцияналдық тобында:
6 "Жоғары бiлiм" кіші функциясында:
"225 Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк әкiмшiсiнде:
9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында:
мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"38 Қаржы орталығы 2064";
97 "Банк-агентке несиелендiру процесiне қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық сыйақы (мүдде) төлеу" кiшi бағдарламасындағы "2200" деген сан "136" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлiмiнде:
4 "Бiлiм беру" функцияналдық тобында:
6 "Жоғары білiм" кiшi функциясында:
"225 Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк әкiмшiсiнде:
9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында:
мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"38 Қаржы орталығы Ұстау";
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604; 2004.10.28. N 1111 қаулыларымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |